Тәрбие

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Тәрбиеші және тәрбиеленушілер

Тәрбие, тәлім-тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс.

Бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір-бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен жүзеге асырылады. Тәрбиенің мақсаты адам бойында ізгілік, инабаттылық қасиеттерін және тіршілікке қажетті дағдылар қалыптастыру болып табылады.[1][2]

Қоғамдық тәрбие

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қоғамдық тәрбие - тарихи аренада адамдар қоғамының пайда болуымен бірге туды. Қоғамдық тәрбиенің мақсаты, мазмұны, құралы мен әдістері қоғамдық қатынастардың қарқынымен, қандай қоғамдық-экономикалық формацияның шарттарында іске асатынымен анықталады.

Ізгілік тәрбиесі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ізгілік тәрбиесі - жеке тұлғаның моральдық қасиеттерінің, көзқарастары мен сенімдерінің қалыптасу үрдісі. Ізгілікті деп жалпы адамзаттық моральдың ережелері мен талаптарын, нормаларын өз көзқарасы мен сенімі ретінде, мінез-құлығының үйреншікті формасы ретінде көрсететін адамды есептеуге болады.[1]

  • Адамға ғылымнан бұрын тәрбие беру керек. Тәрбиесіз ғылым зұлымдыққа апарады.
  • Тәрбие - адамға сапалы өмір сүргізеді.
  • Тәрбие - адамның жүріс-тұрысын, сөйлеу мәнері мен мәнін, ой өрісін қамтиды, адамға оң мен солды, жақсы мен жаманды танытады.
  • Адам дүниеге келгеннен бастап өмір сүруге, дүние тануға құқылы. Адамның ерік-тілектері, іс-әрекеттері басқа адамның құқығын бұзбауы тиіс.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б. ISBN 9965-808-85-6
  2. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том