Токелау
Токелау ағылш. Tokelau | |||||
| |||||
Әнұран: «Токелау мемлекеттік әнұраны» | |||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Ресми тілдері | токелау, ағылшын тілі, самоа тілі | ||||
Елорда | Нукунону | ||||
Ірі қаласы | Атафу | ||||
Үкімет түрі | Жаңа Зеландияның тәуелді аймағы | ||||
Патшасы Әкімшілік басшысы |
III Чарльз Дон Хиггинс | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы |
Әлем бойынша 261 орын 10 км² | ||||
Жұрты • Сарап (2016) • Тығыздығы |
1499[1] адам (239) 148,12 адам/км² | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ • Қорытынды (1993) • Жан басына шаққанда |
1,5 млн $ (228) 1035 $ | ||||
Валютасы | Жаңа Зеландия доллары (NZD) | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .tk | ||||
ISO коды | TK | ||||
Телефон коды | +690 | ||||
Уақыт белдеулері | UTC+12 |
Токелау (ағылш. Tokelau /ˈtoʊkəlaʊ/) — Жаңа Зеландияның қарамағындағы тәуелді аймақ. Құрамына Тынық мұхитында Жаңа Зеландия мен Гавай аралдардың арасында орналасқан 3 арал кіреді. Бұл тәуелді аймақ Жаңа Зеландия корольдігінің құрамында болып есептеледі.[2]
Токелау аралдары 3 атолдардан құралады:
- Атафу,
- Нукунону,
- Факаофо.
Әр қайсысында өзіне аттас әкімшілік орталығы бар.
- халық саны - 1411 адам [3] ( 2011 жылғы мәлімет).
- Этникалық құрамы: полинезиялықтар, аз ағылшын-полинезиялық метистер.
- Тілдері: токелау (полинезия), Ағылшын тілі.
- Діні: христиандық, оның ішінде католиктер (28 %).
Аралдар су бетіне 3-4 м-ге ғана көтерілген ірі су астындағы рифтардан құралған. Құнарсыз ақтасты таужынытардың үстінде кокос пальмалары мен бұталы өсімдіктер ғана өседі.
Климаты ылғалды, жылы бойы ыстық, желтоқсан-наурыз аралығында дауыл-құйындар мүмкін.
Жергілікті тұрғындар балық аулаумен және егіншілікпен (кокос, астық талдары, папайя, банандар) айналысады. Көбіне шетелдерге жұмысқа тұрған туысқандары көмектесіп күн көреді. Жаңа Зеландия қаржылай елеулі көмек көрсетеді.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Перепись населения от 18.10.2016 (ағыл.)
- ↑ Welcome to sunny Tokelau, an untouched Pacific Paradise.. Басты дереккөзінен мұрағатталған 17 қаңтар 2010.
- ↑ http://www.stats.govt.nz/browse_for_stats/people_and_communities/pacific_peoples/2011-tokelau-census-landing-page/final-count-2011-tokelau-census.aspx Перепись населения (2011)]
|