Селдірек
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Селдірек | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Үлгілік түрі | ||||||||||||||||
Deschampsia cespitosa | ||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||
41 түрі белгілі |
Селдірек (лат. Deschampsia) – астық тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.
Қазақстанда шөл және шөлейт аудандарға таралған 2 түрі: келлерия түсті селдірек (D. koelerіoіdes) және көде селдірегі (D. caespіtosa) кездеседі. Соңғысы шалғында, өзен-көл жағаларында, батпақты жерлерде, таудың биік белдеулеріне дейін өседі. Биікт. 20 — 125 см, өте қалың өсіп, шымға айналады. Сабағы түзу, жылтыр. Жапырағы жіңішке, таспа тәрізді, бұдырлы, қырлы келеді. Маусым — шілде айларында гүлдеп, жемісі піседі. Гүлшоғыры — сыпыртқы. Масағының ұзындығы 3,5 — 5 мм, сарғылт, ақшыл, кейде күлгін түсті болады. Жемісі — дәнек, гүлдегенге дейін — мал азығы.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |