Самыркеш

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Самыркештер

Амандық күйі

Least Concern (IUCN3.1) [1]
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Торғайтәрізділер
Тұқымдасы: Қарғалықтар
Тегі: Nucifraga
Түрі: N. caryocatactes
Екі-есімді атауы
Nucifraga caryocatactes
(Линней, 1758)

Самыркештер, самырсындар (лат. Nucifraga caryocatactes) — торғайтәрізділер отрядының қарға тұқымдасына жататын құстар туысы. Қазақстанның оңтүстік-шығысында (Алтайдан Тянь-Шаньға дейін) таудағы қылқан жапырақты орман алқаптарын мекендейді. Дене тұрқы 35 см-дей, салм. 160 — 180 г. Қауырсыны ақ дақты, күңгірт қоңыр, тұмсығы қара, ұзын, құйрығы қысқа болады. Самырсын құс — отырықшы құс. Орманның қалың жеріндегі ағаш басына ұялайды, түсі теңбіл 2 — 7 жұмыртқа салады да, оны мекиені мен қоразы 20 күндей кезектесіп басып, балапан шығарады. Самырсын құс — пайдалы құс, негізінен самырсын қарағайы мен шырша бүрінің дәнін жейді. Ол дәнді жемдік қор ретінде топырақ арасына көміп қояды, ал бұл орман өрттері болған жағдайларда ағаштардың қайта өсуіне жағдай туғызады.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. BirdLife International Nucifraga caryocatactes. IUCN Red List of Threatened Species. Version 2010.3. International Union for Conservation of Nature (2009). Тексерілді, 9 қыркүйек 2010.
  2. Қазақ Энциклопедиясы, 7 том