Париждің X аймағы
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Париждің 10-аймағы, (фр. 'Arrondissement de l’Entrepôt') — Париждегі 20 муниципалды аймақтардың бірі. Аймақтың жалпы аумағы 289 гектарды құрайды.
Географиялық орналасуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]10-аймақ Сена өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан. Шығыста 11-ші аймақпен шектес, батыста 9-шы, солтүстікте 18-ші және оңтүстікте 3-ші аймақтарымен шектес.
Орамдар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]№ 37-40 орамдары:
- Сен-Вэнсен-де-Поль (Quartier Saint-Vincent-de-Paul)
- Порт-Сен-Дени (Quartier de la Porte-Saint-Denis)
- Порт-Сен-Мартэн (Quartier de la Porte-Saint-Martin)
- Сен-Луи ауруханасы (Quartier de l’Hôpital-Saint-Louis)
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2005 жылғы халық санағының мәліметі бойынша 10-шы аймақта 89 600 адам тұрады, халықтың тығыздығы - 31 004 адам/км². Бұл Париж қаласының 4,2 % тұрғындарын құрайды.
Жыл | Халқы | Халық тығыздығы (адам/км²) |
---|---|---|
1881 | 159 809 | 55 259 |
1962 | 124 497 | 43 049 |
1968 | 113 372 | 39 202 |
1975 | 94 046 | 32 519 |
1982 | 86 970 | 30 073 |
1990 | 90 083 | 31 149 |
1999 | 89 612 | 30 986 |
Көрнекті жерлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көшелер, алаңдар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Фобур Сен-Дени көшесі
- Республика алаңы
- Ла Шапель бульвары
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Мэрияның ресми сайты
- Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Париждің X аймағы
|