Операция (программалау)
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Басқа мағыналар үшін Операция деген бетті қараңыз.
Операция (лат. operatіo – іс-әрекет) – компьютердегі мәліметтермен орындалатын белгілі бір іс-әрекет.[1] Алгоритм орындауда, бағдарламалау тілдерінде Операциялардың арифметикалық, логикалық, салыстыру, символдарды өңдеу сияқты түрлері бар. Операцияның мәнін, мағынасын, реттілігін таңбалар тізбегі анықтайды. Мысалы, арифметикалық Операция белгілері “+”, “–”, т.б. Операциялардың орындалу реті алдын ала бекітілген, олардың бір-бірінен басымдылығы қосымша жақшалар қою арқылы белгіленеді. Компьютерлік технологияда Операция ұғымына мәліметтер мен объектілер арқылы орындалатын көптеген әрекеттер жиыны да жатқызылады. Мысалы, “файл ашу”, “символ өшіру”, “ақпаратты қағазға шығару”, т.б.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9