Норит

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Норит (норв. Norge – Норвегия)[1] – габбро тобына жататын негізді магмалық тау жынысы. Негізгі жыныс түзуші минералдар: дала шпаты, пироксен (бронзит), аз мөлшерде қоңыр амфибол мен қара слюда (биотит). Химиялық құрамын негізінен SіO2 құрайды, Mg мен Ca қосылыстары (10 – 20%), сілтілер (2 – 3%) де енеді. Ромбылық және моноклиндік пироксендер қатар кездесетін негізді тау жынысы габбро-норит деп аталады. Бітімі шомбал, кейде бағдарлы, жолақты, құрылымы орта, ірі түйірлі болып келеді. Норит басқа габброидтармен бірге кездесіп, лополит, лакколит, силдар, линзалар және штоктар құрайды. Норитті әсемдік құрылыс материалы ретінде пайдаланады. Нориттер Қазақстанның солтүстік (Көкшетау облысы), орталық, шығыс аймақтарында кездеседі.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "basalt". Lexico UK English Dictionary. Oxford University Press. Archived from the original on 3 February 2020.