Мүйізгек
Мүйізгек (Vagіnіtіs) - малдың жұқпалы ауруы. Ауырған малдың қынабы қабынып қызарады, іші бөртіп кетеді. Ол әр түрлі жарақаттардан және төлдеу кезінде зақымданудан, жатырдың төмен түсу салдарынан өршиді. Мүйізгектің жатыр қабырғасының кілегейлі қабығының қабынуы (V. catarrhalіs) және қынабының ішкі жағында үлкендігі жүгері немесе бұршақ дәніндей бірнеше бүртік түрінде өршитін түрі (V.granulosa) және мөлшері тарыдай сансыз ұсақ бөртпелер шығарып, іріңді су шұбыртатын созылмалы түрі (V.іnfectіosa) кездеседі. Соңғысын трихомоноз, вибриоздан ажырата білу керек. Мүйізгек ауруы негізінен мал шағылысқанда жұғады. Ауру 1 – 10 күнде білінеді, 2 – 4 аптаға созылады. Емі: жыныс мүшесін 1%-дық ас тұзы ерітіндісімен, асқынып кетсе риванол (1:1000), лизол (1 – 2%), марганец қышқыл калий (тотяйын) (0,2%) ерітінділерімен жуады. Мал тұратын орындарда ветеринарлық-сан. ережелерді сақтап, қораны зарарсыздандырады, карантин қойылады. Дәстүрлі қазақ ветеринариясында Мүйізгектің түйіршікті түрін оташылықпен емдеген: бөрткенді өткір бізбен түйреп, сылғы кездікпен тіліп, қатқылдау мүйіз тәрізді түйірді алып тастаған.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ "Қазақ энцклопедиясы - VI"
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |