[go: up one dir, main page]

Мазмұнға өту

Молда

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Ислам туралы мақалалар тізімдемесінің бөлігі
Усул әл-фиқһ

(Фиқһ негіздері)

Осы үлгіні: көру · талқылау · өңдеу

Молда, молла (араб.: المُلَّا‎ /әл-мулла/ – мырза, әмірші, парс. мелла, молдо – ұстаз, діни ғұлама) – шариғат білгірі, діни рәсімдерді атқарушы, ұстаз. Қазақ жерінде патшалық Ресей билігі тұсында молда қызметін атқарған діни қызметкерлердің міндеттері мемлекеттік қаулылармен белгіленіп, шенеуніктердің бақылауында болды. Молда арнайы тағайындалып, жергілікті мешіттердің қарамағына жіберілді. Кеңестік дәуірде діннің өмір сүру формасы діни рәсімдердің аясында қалғаны себепті молдалар қызметі ислам дінінің жөн-жоралғыларын атқарушы ретінде ғана көрінді. Молда қызметіне Орта Азия мен Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы басшылық жасады. Қазіргі уақытта бұл қызметті Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасына бағынатын жергілікті имамдар атқарады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]