Миқұрт

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Менингококкты менингиттің таралуы (2009 ж.)
менингит белдеуі
эпидемиялық аймақтар
спорадикалық жағдайлар

Миқұрт немесе менингит — бұл халық арасында көп таралған дерттiң бiрi, өте қатерлі ми ауруы, мұнымен көбінесе балалар ауырады. Ол басқа аурулардың, шешек, мысқыл (шықшыт безінің қабынуы), көкжөтел немесе құлақтың қабынуы сияқты аурулардың асқынуынан болады. Туберкулезбен ауыратын анадан туған балалар кейде туғаннан кейінгі алғашқы айларда туберкулез менингитімен ауырады. Оның неше түрлi кезеңiмен көптеген адамдар ауырады.

Ертеде бұл аурумен науқастанған жан ем табылмауы себептi көп өмiр сүрмеген. Ал, бүгiнгi таңда жетiлген медицинаның көмегiмен құлантаза айығып кететiн адамдар саны артып келедi.

Көбiне суықтан болатын бұл кесел ми мен жұлынның жұмсақ қабықтарының қабынуынан туындайды.

Ең алғаш рет оған қарсы емдiк препаратты 1887 жылы А. Вейксельбаум ойлап тапқан болатын.

Сонымен қатар менингит бактериясы жөтелу кезiнде ауа арқылы жұқпалы түрге алмасады. Мұрынға түскен бактерия жұлынға жетiп, қан айналымына енiп, қоздырғыштарды күшейтедi.

Менингиттiң жұқпалы түрiне шалдыққан адам ауруды таратушы болып саналады. Сонымен қатар менингит жүйке жүйесiне қатты әсер етiп, нәтижесiнде менингиттiң жүйке жүйесiне әсер ететiн түрiне шалдыққандардың 20 пайызы өз өмiрiмен қоштасады.

Менингиттiң туындауы — адамдардың тығыз орналасуынан, тазалық сақтамаудан, сонымен қатар, ауруды тарататын ошақтардың жақын болуынан.

Сондай-ақ, кейде денеге түскен жарақаттан, құрт ауруынан, тұмау мен iш сүзегiнен де пайда болады.

Аурудың барысы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ауру бастапқы кезеңде екi түрге бөлiнедi. Жедел және созылмалы болатын бұл аурудың ең күрделiсi мида iрiңдi түрде болатын менингиальдық синдромы.

Аурудың алғашқы белгiлерi — ауру жұққаннан кейiн 10-12 күннен соң ағзада бас ауру, лоқсу, ауыз құрғап, қызу көтерiлу, дауыс қарлығып, өңi бозару секiлдi инкубациялық кезең өтiп, денеде қызғылт түстi дақтар пайда болады. Дене қызуы 40-қа жоғарылап, бұлшық еттер тырыса бастайды. Дер кезiнде емделмесе көп жағдайда сал болып қалуы да мүмкiн. Жарыққа қарай алмай, қатты дауыстан қорқып, есiнен адаса бастайды. Бұл белгi iрiңдi менингитте орын алады.

Менингит — құрт ауруының түрi — науқастан әл кетiп, шаршап, тез терлеп, дене қызуы көтерiлiп ұзақ уақыт жүредi. Бас сүйек iшiндегi қан қысымы ұлғайғанда барып анықталады.

  • Жоғары температура;
  • Бастың қатты ауыруы;
  • Мойынның шалқаюы. Баланың өңі кірмейді, сұлық жата береді, басы мен мойынын артқа шалқайтып ұстайды.
  • Ту сыртының да шалқайып кететіні сондай, бала басын тізесінің арасына келтіре де алмайды;
  • Бір жасқа дейінгі баланың еңбегі көтеріледі (томпайып кетеді);
  • Менингит кезінде құсу — осы ауруға тән құбылыс;
  • Кішкентай балаларда менингиттің алғашқы кезеңінде анықтау қиын. Бала түсініксіз жағдайда, тіпті анасы емізгенде де жылай береді («менингит жылауы»). Немесе бала ұйықтай береді;
  • Кейде талып қалады (тырысу), немесе дене қозғалысы да бір түрлі болып өзгереді;
  • Көбінесе баланың жағдайы бірте-бірте нашарлай бастайды, ол мүлде есінен танған кезде ғана тынышталады;
  • Туберкулез менингиті өте жай өрбиді, ол талай күндерге немесе апталарға созылады. Бұл аурудың басқа формалары анагұрлым тез — сағаттар немесе күндер аралығында өршиді.

Емдеу жолдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Науқасқа жедел білікті медициналық көмек керсетіңіз — бір минут та кешеуілдетіп тұрмаңыз! Мүмкіндік болса, науқасты ауруханаға жеткізіңіз. Дәрігер келгенге дейін:

  • әр 4 сағат сайын 500 мг апмициллин салыңыз. Немесе әр 4 сағат сайын 1 млн ед. панициллин кристаллын салыңыз. Егер мүмкіндік болса, хлорамфеникол да беріңіз;
  • Ыстығы жоғары болған жағдайда (40°-тан астам) оны ылғал компресспен немесе ацетаминофенмен не аспиринмен түсіріңіз;
  • Егер баланың анасы туберкулезбен ауырса немесе баланың туберкулез менингитімен ауыруы мүмкін деп күдік туғызатын басқа да себептер болса, онда балаға оның салмағының әр 5 килограмына шаққанда 0,2 мг келетіндей етіп стрептомицин шанышыңыз да бірден дәрігер шақырыңыз. Сондай-ақ, егер туберкулездік менингит болмаса, ампициллинді немесе пенициллинді пайдалануға болады.

Анасы туберкулезбен ауыратын жаңа туған сәбиде болатын туберкулездік менингиттің алдын алу үшін сәбиге туған кезінде арнаулы вакцина егілуге тиіс. Сәбилер үшін вакцина мелшері — 0,05 мл (қалыпты 0,1 мл мөлшердің жартысы). [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Патологиялық анотомия терминдерінің орысша – латынша – қазақша түсініктеме сөздігі.- Ақтөбе. ISBN 9965-437-40-8
  • Вернер, Дэвид. Халыққа медициналық жәрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық). Қазақ тіліне аударғандар: Айымбетов М, Бермаханов А.—Алматы: "Демалыс", "Қазақстан", 1994— 506 бет.

ISBN 5-615-01453-9

Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет!