Медициналық жабдықтар
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Медициналық жабдықтар[1] - ауруларды емдеу-диагностикалық іс-шаралар барысында, сонымен қатар оларды күтіп-баптауда емделушілер мен медицина қызметшілерін оңтайлы жағдаймен қамтамасыз етуге арналған медициналық техникалық бұйымдар.
Медициналық жабдықтардың топтары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Емдеу және тексеру іс-шаралары кезінде қолданылатын жабдықтар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ауруларды тасымалдайтын жабдықтар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- әр түрлі тұрпатты арбашалар
- алмалы-салмалы тақталы (зембіл ретінде пайдалануға болатын);
- көтергіш тақталы;
- әр түрлі функционалды (ауыр науқастар және реанимациялық);
- балаларға арналған арбаша (жаңа туған нәрестеге арналған, ауру балаларды тасымалдайтын).
Медициналық төсек
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- функционалды (әр түрлі қалыпқа келтірілетін);
- емханалық;
- травматологиялық ауруларға;
- сүйек туберкулезі ауруларына;
- психикалық аурумен ауыратындарға;
- акушерлік;
- күйікпен түскен ауруларға;
- жұқпалы ішек-қарын ауруларына;
- жаңа туған балаларға;
- 5 жасқа дейінгі балаларға;
- 5-14 жасқа дейінгі жеткіншектерге;
Үстелдер мен креслолар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- жан-жақты операциялық үстелдер - рентген өткізгіш тақтадан, тумбадан және дубляждалған басқару жүйеден (гидравликалық, электромеханикалық және электрогидравликалық) тұрады; қол ұстағыш, аяқ қойғыш, иық және қабырға тірегіштер, аяққа арналған таяныш, жұмыр жастық, бас сүйегіш, тартқыштар, таған сияқты алмалы-салмалы түрлі тетіктерді қолдану операциялық үстелдерді әр түрлі қалыпқа келтіреді;
- жаңа туған нәрестеге арналған санитарлық үстел (тұрақты температура ұстайтын қондырғы, тумбасында керекті жабынды жиынтық қойылған, алдыңғы жағына нәрестенің бойын өлшейтін сызғыш орнатылған);
- таңу (перевязочный) үстелі - фельдшер-акушерлік пункттерде шағын операция жасауға және таңу шараларын жүргізуге арналған, оны гинекологиялық кресло ретінде де пайдалануға болады;
- жиналмалы таңу үстелі (дөңгелегі алмалы-салмалы);
- палаталарда ауруларға медициналық көмек көрсету үшін, операциялық бөлімдерде, перзентханаларда дәрілерді, таңу материалдарын, дезинфекциялау ерітінділерін, құралдар мен аспаптарды қоятын және тасымалдайтын үстелдер қолдану мақсатына байланысты әр түрлі аталады: анестезиологиялық, құрал-жабдықты, акушерлік, манипуляциялық, төсек жанына арналған, операцияға және қолға оңтайлы, стоматологиялық, хирургиялық және т.б.
Емдеу және тексеру іс-шараларын жүргізетін жабдықтар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Стоматологиялық жабдықтар;
- Рентгенологиялық жабдықтар;
- Радиологиялық жабдықтар;
- Дезинфекциялық жабдықтар;
- Анализге биологиялық материалдар дайындайтын жабдықтар.
Шаруашылық жабдықтары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- медицина құралдарын жуып-шаятын жабдықтар;
- стерильдейтін жабдықтар;
- термостаттар;
- су мен ауаны тазартқыш жабдықтар;
- ауруларды тамақпен қамтамасыз ететін жабдықтар;
Медициналық жабдықтар күтімі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жабдықтардың тазалығы күнделікті сақталуы тиіс:
- Дезинфекциялау - сутек тотығының 3%-к ерітіндісі және 0,5%-к жуғыш затының қосындыларын пайдаланады.
- Сүрту - тотықпау үшін өңделген жабдықтарды құрғақ әрі жұмсақ материалмен сүрту қажет.
- Майлау - үйкелетін тұстарын майлау (вазелин және басқа майлармен).
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Краткая медицинская энциклопедия, 2-том. Москва - 1989. ISBN 5-85270-056-8