Мақсыр
Мақсыр | ||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||||
13-17 түрі белгілі |
Мақсыр , сафлор (лат. Carthamus ) – астралылар тұқымдасына жататын тармақталған тік сабақты, бір- жылдық өсімдік . Оның қандауыр тәрізді сопақ жапырақтары өсімдік сабағына сағақсыз орналасады. Жапырақтарының жиегінде тікенектері болады. Сабақтың биіктігі - 100 сантиметр, кейде одан асып түседі. Гүлшоғыры - себетгүл. Гүлінің түсі ашық сары немесе қызылсары болып келеді. Бір өсімдікте 5-тен 60-қа дейін себетгүл бар. Жемісі - тұқымша. Бір себетгүлдегі ақ түсті, қырлы, жылтыр тұқымшалар саны 20-дай 100-ге дейін жетелі. Мақсырдың тұқымшаларынан май алынады. Олардың құрамында 25-37% май болады. Мақсыр майы күнбағыс майынан кем түспейді. Оның майы тағамға және техникалық мақсатқа (бояу, эмаль, сабын алуға) пайдаланылады. Мақсырдың тұқымшалары ауыл шаруашылық құстарына жем ретінде беріледі. Ал тұқым ұны ауыл шаруашылық малдарға кұнжара түріндегі малазық болып саналады. Мақсырдың балаусалы сабақ жапырақтары сүрлемге салынып, малға беріледі. Күлте жапырақшалары да бағалы. Олардан қызыл және сары бояу өндіріледі. Аспаздыққа да пайдаланылады. Мата бояйтын бояу алынады. Солтүстік Африка және Азия елдерінде өсірілетіндіктен, мақсыр ыстыққа төзімді, құрғақшылыққа төтеп бере алады. Ол суды да үнемді жұмсайды. Мақсыр топырақ талғамайды. Өскіндері -6-10оС температураға төзеді. Өсімді мерзімі 93-117 күн. Мақсыр ауыспалы егістікте астық дақылдылардан кейін егіледі. Оның тұқымы көктемде қатар аралығы 30-60 ем болатындай етіп себіл еді. Егу нормасы - 1 гектарға 8-15 кг тұқым себу. Себу тереңдігі 5-8 ем. Тұқымы толық пісіп, өсімдік құраған кезде комбайнмен тауып алады. Бітеугүлдену кезінде - пішен ретінде, ал гүлдеу немесе себетгүл түзу кезінде сүрлемге орып жинайды. Мақсыр - өте пайдалы өсімдік.
- Өгейшөп - Қазақстанда 1 ғана түрі кездесетін тамырсабақты, көпжылдық шөптекті өсімдік (8-сызбанүсқа). Ерте көктемде көптеген шөптекті өсімдіктерден бұрын өгейшөп шығып, гүлдейді. Өгейшөп тамырсабағынан дамыған гүлсидамның биіктігі 10-25 ем, жапырақтары қызғылт-қоңыр түсті, сағақсыз, қабыршақты болады. Гүлдеп болған соң тамырға жақын жерінен ұзын сағақты, жүрек пішінді, ені 10-15 сантиметрге жететін үлкен жасыл жапырақтары дами ды. Өгейшөп жапырағы тақтасының үстіңгі беті түксіз жылтыр - «салқындық» сезім тудырады. Жапырақтың астыңғы бетінде жұмсақ түктер өсіп, «жылылық» шырай білдіреді. Осы екі түрлі ерекшелігіне байланысты өсімдік «өгейшөп» аталған. Өгейшөптің сары түсті ұсақ гүлдері ені 1-2 ем мөлшерінде себетгүлге (корзинка) - гүлшоғырға жиналған. Себетгүлде топтасқан гүлдері екі түрлі: себетгүлдің жиегіндегі (шетіндегі) гүлдердің барлығы - аналық тілшелі гүлдер, ортасында орналасқандарының барлығы - аталық түтікшелі гүлдер. Сонымен, өгейшөптің себетгүлінде (гүлшоғырында) аталық та, аналық та гүлдердің болатынына көз жеткіздік.
Өгейшөпті өзен жағал ау ынан, сайлардан, аласа төбе етектерінен, өзге де жерлер ден кездестіре аламыз. Ол - дәрілік өсімдік. Халықтық медицинада жапырағы, гүлі, сабағы әр түрлі дертке дәру ретінде пайдаланылады. Оның жапырағы қақырық түсіруге жиі қолданылады. Ауатамырдың қабынуына, сондай-ақ туберкулезді ем- деуде де өгейшөп жапырағының маңызы зор.
Гүлдерінің құрылысы өте күрделі және алуан түрлі болғандықтан, кейбір өсімдіктердің гүл формуласын ұсынамыз.
- Кәдімгі бақбақ тілшегүлі: Т0К(5)А5Ж(2).
- Мыңжапырақ (тысячелистник) себетіндегі түтікшелі гүлі: *ТоК(5)А(5)Ж(2); жалған тілшегүлі: Т0К(6)А(6)Ж(2).
- Дәрілік түймедағы (ромашка лекарственная) түтіктелі гүлі: 3 ТоК(5)А(5)Ж(2)' жалған тілшегүлі: Т0К(0+3)А0Ж(2).
- Күнбағыстың себетінде де түтікшелі, тілшелі гүлдер бар. Жалған тілшелі гүлдері себет гүлшоғырының жиегінде (шетінде) орналасады, ол жеміс бермейді; формуласы: Т0К(0+3) немесе (3)А()Ж(). Сонымен күрделігүлділер тұқымдасы 2 тұқымдас тармағына топтастырылады: 1) түтіктелі гүлділер (күнбағыс, түймедағы, мыңжапырақ, жусан, ермен, гүлкекіре және т. б.), 2) тілше гүлділер тұқымдас тармағы (бақбақ, шашыратқы, қалуен және т. б.).
- Кейде қашқаргүл тұқымдастар деп аталатын күрделігүлділер тұқымдас өсімдіктер қосжарнақтылардың көбірек назар аударатын тобы болып саналады. Бұлар гүлшоғырында әр түрлі гүлдер өте көп жиналғандықтан, күрделігүлділер тұқымдасы деп аталған. Гүлшоғыры - себетгүл, күрделігүлділерге жататын өсімдіктердің көпшілігі біржылдық, көпжылдық, едәуір биік шөптекті өсімдіктер. Жапырағында бөбешік жапырақ болмайды. Себетгүлге орналасқан кішкене гүлдердің тостағаншасы үлпекті айдаршаға айналған, күлтесі 5 күлтежапырақшадан құралады. Себетгүлдегі гүлдердің барлығы жеміс бере бермейді. Көбінесе қосжынысты (аталық - тар және аналықтар) гүлдер болғанымен, жеміс түзбейтін дара жынысты аталық гүлдер де кездеседі. Жемісі айдарлы немесе айдарсыз түқымша. Күрделігүлділердің тозаңданбай-ақ жеміс түзетін бірнеше түрлері бар (бақбақ). Жемісі жел, жануарлар, су арқылы таралады.
Күрделігүлділердің май алынатын, көкөністік, дәрілік, малазықтық, сәндік, техникалық түрлері бар. Ойраншөп, қалуен, гүлкекіре, түйетікенер - арамшөптер.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Биология:Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2007. ISBN 9965-34-607-0
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |