[go: up one dir, main page]

Мазмұнға өту

Луна-6

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Луна-6
Ұйымы  КСРО, ОКБ-1
Тапсырысы Планета аралық автомат станция
Ұшыру күн-айы 1965 ж. 8 маусым, Байқоңыр
Сөре көлігі Молния-М
Тапсырыс ұзақтығы 10 күн
NSSDC нөмірі 1965-044A
Массасы 1442 кг

Луна-6Ай бетіне жұмсақ қонуға және оның бедерін зерттеуге арналған ғарыш аппараты.

1965 жылдың 8 маусымында Луна-6 Байқоңырдан сәтті ұшырылды. Бірақ ол траекториядан ауытқып, 11 маусым күні Айдан 160 мың шақырым қашықтықта өтті. Гелиоцентрлік орбитаға ауысып, Күннің серігіне айналды.

Соңғы байланыс маусымның 18-нде, аппарат Жерден 600 мың шақырым қашықтықта болғанда, орын алды. Луна-6 ғарыштағы радиацияның мөлшері туралы мәлімет жіберген еді.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]