[go: up one dir, main page]

Мазмұнға өту

Лесс

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Лесс (нем. loss — борпылдақ) — ашық сары түсті, мейлінше кеуек (құрамындағы кеуектер мен қуыстардың жалпы мөлшері 40—55%-ға жетуі мүмкін), қатқа батталу белгілері байқалмайтын, әкті, бағана тұрқылас пішіндер мен құлама кұздар түзуге бейім. Әдетте өзі таралған аймақ бетін, тіпті биік-биік суайырық бетін де тұтас желек түрінде жаппай көмкеріп жататын, қалындығы бірнеше метрге жететін құмайттар. Бұл құмайттар әдетте жер үсті моллюскілерінің қалдықтары мен таптарын және әкті тау жынысы кесектерін көптеп кіріктіреді. Лесстердің қалыптасу заңдылығы жайлы бірнеше теориялар бар. Олардың ең бастылары — лесс табиғатын жел күшінің әсерімен түсіндіру және лесстердің қалыптасуын мұз бүркеу дәуірлерімен байланыстыру.[1]

Лесс тәріздес шөгінділер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Лесс тәріздес шөгінділер - сырт қарағанда лесске ұқсайтын, бірақ құрамы бойынша шаңды саздақ және құмдақ топырақтарға жататын шөгінді тау жыныстары. Лесс тәріздес шөгінділердің генезисі әр түрлі болуы мүмкін (эолдық, аллювийлік, делювийлік, элювийлік).[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы — геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Қуандықов. 2000 жыл. — 328 бет.
  2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6