Көбенқұйрық

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Көбенқұйрық
Cousinia pterocaulos
Cousinia pterocaulos
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Asterids
Сабы: Asterales
Тұқымдасы: Asteraceae
Кіші тұқымдасы: Carduoideae
Тайпасы: Cynareae
Тегі: Cousinia
Cass.
түрлері

600-700 түрі белгілі

Көбенқұйрық (лат. Cousinia) – астралылар тұқымдасына жататын бір, екі және көп жылдық өсімдіктер туысы. Дүние жүзінде кең тараған. Негізінен Батыс және Орта Азияда кездесетін 600-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанның барлық жерінде кездесетін 56 түрі бар. Сабақтары жалаң немесе бұтақты. Шеті иректелген, тұтас жапырақтары кезектесіп орналасқан. Гүлдері қос жынысты, аталық жіпшелері бос жатады, тозаңқаптары түтік тәрізді өседі. Себет гүлдері қалқанша, сыпырғы немесе шашақ гүлшоғырына топталған. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, шілде – қыркүйекте жемістенеді. Тұқымы жұмыртқа тәрізді ұзынша келген. Кейбір түрінің тұқымында айдаршасы болады. Көбенқұйрықтардың 21 түрі – Қазақстанда сирек өсетін өсімдіктер. Олардың ішіндегі өте сирек кездесетіні жылдан-жылға таралу аймағының азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген түрі – ірі жапырақты Көбенқұйрық (C. grandіfolіa). Оның биіктігі 1 м-дей. Сүректенген тамыры болады. Сабағы тік, жоғары жағы бұтақтанып келеді. Ірі жапырағының ұзындығы 40 см, ені 20 см-дей. Сары гүлдері себет гүлшоғырына топталған. Тұқымынан көбейеді. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, маусым – шілдеде жемістенеді. Тұқымы ұзынша келген, сырты тегіс, қара қоңыр дақтары болады. Ірі жапырақты Көбенқұйрық Ақсу - Жабағылы қорығында қорғалады.[1][2][3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы
  2. Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы, 4-том
  3. Красная книга Казахстана, А.-А., 1981. Ж. Қожантаева

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • [1] Қызыл кітап