[go: up one dir, main page]

Мазмұнға өту

Кракатау

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
1883 ж. атқылауы (литография, 1888 ж.)

Кракатау (индон. Krakatau, ява тілінде reketak – сатырлау) — Малай топаралындағы Ява мен Суматра аралдарын бөлетін Зонд бұғазындағы жанартау. Индонезия жерінде. Биіктігі 813 м. Өзі аттас аралдың негізін құрайды. Аралдың ауданы 10,5 км². Еуразия мен Үнді-Австралия тақтасының түйіскен жерінде орналасқан. Атқылауы өте күшті. 1883 ж. атқылауда аралдың жартысы қопаралып, жойылып кеткен (бұрын Кракатаудың биіктігі 2000 м болған). 18 км³ жанартау күлі 50 км биіктікке дейін көтерілген, 800 км² жерді басқан. Атмосферада тұнған ұсақ күл мен шаң-тозаң бірнеше жыл бойы ертеңгі, кешкі кезде аспанды ерекше шапаққа бөлеген. Кракатау атқылауынан көтерілген 20 метрлік алып толқын теңізде сағатына 200 км жылдамдықпен тараған. Іргелес жатқан Ява және Суматра аралдарында 36 мың адам опат болған. Соңғы 1973 ж. атқылау кезінде 30 мың адам қаза тапты.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан» энциклопедиясы

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]