Итон колледжі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Итон Колледжінің шіркеуі

Итон колледжі (ағылш. Eton College,  толық аты —ағылш. The King's College of Our Lady of Eton beside Windsor) —ұл балаларға арналған британдық  жеке меншік мектеп. Колледж 1440 жылы Генрих VI королімен салынған болатын. Бұл колледж құрылғаннан қазіргі күнге дейін Ұлыбританияның 20 премьер-министрі осы колледждің түлегі атанды.Қазіргі премьер-министр және Ұлыбританияның Консервативті партиясының басшысы Дэвид Кэмерон —Итонның түлегі.

Итон колледжі Лондонның батысынан 30 км жерде,Темза жағалауында,Виндзор сарайы маңында орналасқан. Мектептің ресми мәртебесі— 13-18 жастағы ұл балаларға арналған мектеп-интернат.Оқу төлемі жылына 35,720 фунт немесе 55,630 долларға тең.Итонда барлығы 1300 студент оқып,кейбіреулері сыйлы корольдік стипендия иегері болғандықтан, оқуға бір тиын ақша төлемейді.

Колледж тарихы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Итон колледжінің негізі  1440 жылы  Генрих VI королінің бұйрығымен қаланған болатын.Болашақ студенттерді Генрих VI кейінірек негізін қалаған Кембридж университетіне дайындау колледждің басты мақсаты болатын. 

 XVI ғасырдың архивтік жазбаларында Итон колледжінің окушыларының күн жоспары туралы ақпарат сақталған.Оқушылар сағат 5-те тұрып,дұға оқып,және таңғы сағат 6-да сыныптарында болуға тиіс еді.Оқыту ол кездері латынша болды.Сағат дәл 8-де оқушылар өз бөлмелеріне қайтып,жатып ұйықтайтын.Күні бойы ортағасырлық студенттерді күніне 2 рет тамақ берген,ал жұма күндері қатал ауыз бекіту  болатын.Демалыстармен де оңай емес болатын—3 апта Рождествоға демалысты колледжде өткізсе,3 апта жазда,оқушыларға өз үйлеріне тарасуға рұқсат берілетін. 

1461 жылы  Эдуард IV таққа отырғанда,ол барлық мектеп гранттарының күшін жойды және  қазына-байлықтардың көп бөлігін  Темзаның арғы бетіндегі, Виндзордағы Георгий әулиенің шіркеуіне көшірді.Аңыз бойынша,Эдуардтың ханымы,Джейн Шор,мектепті қорғауға шыққан.Ол мектептің көп бөлігін сақтауға көмектескен деп саналады. 

 Генрих VI тақтан құлаған соң,мектеп шіркеунің құрылыс жұмысы тоқтатылды.Тек хорлар ғана аяқталған болатын. [1]

Құрылыс жұмыс кезінде кірістердің түсуіне байланысты мектеп зардап шеккендіктен,мектептің дамуы мен аяқталуы ауқатты адамдардың қолында болды. Мектеп құрылысы 1517 жылы Роджер Люптон ректор болған жалғасты.Мектеп символы атанған,мектеп ауласына кіретін батыс есіктер сол адамның атында.

Люптоннан кейін шамамен 1670 жылы мектеп ауласының батысында галерея соғылғанға дейін  құрылыс жұмыстары болмады.Ол кейінірек қайта жөнделіп,1694 жылы Мэтью Бэнкстың басшылығымен аяқталған болатын.1725-29 жылдары Томас Роуленд салдырған мектептің орталығындағы  кітапхана мектептегі соңғы толықтыру болды.Ол жерде көптеген кітаптар мен жазбалар сақталуда.    

 XIX ғасырда архитектор Джон Шоу кіші(1803-1870) Итонның инспекторы болды.Ол ректор Фрэнсис Ходжсонның жобасын іске асырып 1844-16 жылдары Жаңа ғимараттарды дамытты.Ректорбірінші қабаттағы өмір сүру жағдайы нашар Ұзын Шатырда (Long Chamber) тұратын студенттердің жағдайын жақсартықысы келді.

Финанс,ғимарат жағдайы мен Итонды басқаруға байланысты шағымдарға жауап ретінде 1861 жылы Итонмен санағанда алдыңғы қатардағы тоғыз мектептің жағдайын  зерттеу үшін Кларендон комиссиясы құрылды. [2]

Итон колледжі, 1690 жыл,Дэвид Логанның гравюрасы.

 Англо-бур соғысында қаза тапқан Итон түлектеріне арналған ескерткіш ретінде, 1906-08 жылдары Үстіңгі мектепте (Upper school) өте үлкен және бай Мектеп залы мен Мектеп кітапханасы салынған.Бірінші Дүниежүзілік Соғыс кезінде қаза тапқан итондықтарға арнап клуатр мен шіркеуде көптеген естелік тақтайшалар орнатылған. Екінші Дүниежүзілік Соғыс кезінде құлаған бомба Үстіңгі мектепті бұзып,шіркеудегі көптеген витраждар мен терезелерді сындырған.

1959 жылы колледжде ядролық соғыс жағдайында колледж ректоры мен студенттерге арналған бункер болған.Қазіргі уақытта ол қойма ретінде пайдаланылады. [3]

Бұрын итондықтарды кейде антисемитизммен кінәлаған.Кейбір уақыт аралығында колледж студенттері жаңадан келгендерді «еврей» деп атайтын.1945 жылы колледжге түсетін баланың әкесі британдық болуы керек туралы жарғы қабылданды.1960 жылдары Гарольд Макмилланның араласуы жарғының күшін жойдыртты. [4]

Мектептің бүкіл тарихы барысында оның британдық корольдік үймен үзіліссіз байланысы байқалады.Ол  біріншіден,колледждің үнемі король отбасысының ерекше патронажы болуына қатысты болса,ал екіншіден колледж колрльдің Виндзор сарайынан бірнеше қадам жерде орналасқаны себеп болуда.Тақта 1760-1820 жылдары,60 жыл отырған король  Георг III айтарлық барлық өмірін Виндзорда өткізген.

  • 1440–1442: Генри Север
  • 1442–1447: Уильям Уэйнфлит
  • 1447: Джон Клерк
  • 1447: Уильям Уэстбери
  • 1477: Томас Баркер (сайланған,бірақ міндетінен бас тартқан)
  • 1477–1504: Генри Бост
  • 1504–1535: Роджер Люптон
  • 1535–1547: Роджер Олдрич
  • 1547–1554: сэр Томас Смит
  • 1554–1559: Генри Коул
  • 1559–1561: Уильям Билл
  • 1561: Ричард Брюэн (сайлау күшін жойды)
  • 1561–1596: Уильям Дэй
  • 1596–1622: сэр Генри Савил
  • 1622–1623: сэр Томас Маррей
  • 1624–1639: сэр Генри Уоттон
  • 1639–1644: Ричард Стюарт
  • 1644–1659: Франсис Рос
  • 1659–1660: Николас Локьер
  • 1660–1661: Николас Монк
  • 1662–1665: Джон Мередит
  • 1665–1680: Ричард Эллестри
  • 1681–1695: Закари Крэдок
  • 1695–1732: Генри Годолфин
  • 1733–1746: Генри Бланд
  • 1746–1765: Стивен Слич
  • 1765–1781: Эдвард Барнард
  • 1781–1791: Уильям Хэйворд Робертс
  • 1791–1809: Джонатан Дэвис
  • 1809–1840: Джозеф Гудолл
  • 1840: Джон Лонсдейл (сайланған,бірақ міндетінен бас тартқан)
  • 1840–1853: Франсис Ходжсон
  • 1853–1862: Эдвард Кревен Хотри
  • 1862–1884: Чарлз Олд Гудфорд
  • 1884–1909: Джеймс Джон Хорнби
  • 1909–1918: Эдмонд Варр
  • 1918–1936: Монтегю Родс Джеймс
  • 1936–1944: лорд Хью Сесил (лорд Куиксвуд  1941-ден бастап)
  • 1945–1949: сэр Генри Мартин
  • 1949–1965: сэр Клод Ауреллиус Эллиот
  • 1965—1978: барон Гарольд Качча
  • 1978—1991: барон Мартин Чартерис
  • 1991—2000: сэр Энтони Акланд
  • 2000—2009: сэр Эрик Андерссон
  • 2009—н.в.: барон Уильям Уолдгрейв

Мектептегі оқу кезеңдері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Итонда 3 академиялық кезең бар(бөлік ретінде танымал):

  • Михайлов бөлік,қыркүйектің басынан, желтоқсанның ортасына дейін.
  • Ораза бөлік,қаңтардың ортасынан,наурыздың соңына дейін.
  • Жаздық бөлік,сәуірдің соңынан,маусымның соңы-шілденің басы.

Олар бөлік деп аталу себебі,бұрын жыл сол еекі бөлікке бөлінген және сол екі бөлік арасында студенттер үйлеріне қайтқан.

Итон Колледждері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

King’s Scholars (корольдік жеңілдік иегерлері)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Колледждердің бірі 70 студент үшін қосымша дайындалған және олардың оқулары университет тарапынан төленеді(мүмкіндіктеріне қарай 90%  төленуі де мүмкін),ал бұлCollege[5] деп аталады.  «King’s Scholars» атауы 1440 жылы мектеп  Генрихом VI -мен негізі қаланғанымен байланысты және корольдік сый болып табылады.Басында жартысы Винчестер колледжінде оқыған 70 студент жинаған;барлық ұлдар  король тарапынан бөлінген қаржыға білім алған.

Итон шіркеуінің интерьері.

College, King’s Scholars студенттері өз аттарының соңына   «KS»  әріптерін қолданыуға құқылы. Одан басқа,оларды фрактарының сыртынан киетін қара мантиясы арқылы тануға болады.Осының арқасында Буксирлер(tugs,  лат. togati,мантия киетіндер) деген лақап ат табылды;сонымен қатар олар кейде шіркеу қызметі кезінде шіркеу қызметкерлері тәрізді киімдерін(стихарь) киеді.

Мектеп өсуімен кеөптеген оқушыларға өз оқу төлемін төлеп,шығындарын өтеп және мектептің негізгі ғимараттарынан тыс,қалада тұрған жағдайда ғана  оқуға келуге рұқсат берілген.[6]  Олар Oppidans деп аталып, Oppidum латын тілінен Рим империясындағы уақытша қала-бекініс деген мағына берген. Уақыт өте келе,оқушылардың жақсырақ жағдайда тұруы үшін колледжде  тұрғын ғимараттар салынып,XVIII және XIX ғасырларда колледждер әйел адамдардың басқаруында болған және оларды «дама» немесе «ханым» деп атаған.Әр колледжде шамамен 50 ұл бала тұрған.

Итонның қабылдау емтиханынан өткен оқушылардың барлығы King’s Scholarsколледжін таңдамайды.Егер олар   24 Oppidan колледждерінің біреуін таңдаса,онда оларды  Oppidans деп атайды.Өте жақсы академиялық жетістіктермен көзге түскен ұлдар   Oppidan Scholars деп аталуға құқылы болып,өз аттарының соңына "OS" әріптерін қосып айтуға рұқсват алады. [7]

Колледждер құрылымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Колледж басшысымен қатар әр колледждің Капитаны мен ойын  Капитаны бар.Кітапхана дегеніміз соңғы курстың оқушыларының өз ас үйі  орналасқан бөлме.Дәл осындай қызметтегі бірақ,бітіруші сыныптың алдыңғы сынып оқушыларының бөлмесі Дебат деп аталады.

Колледж студенттерінің ортақ жиналысы әр кеш сайын өткізіледі. Олардың бастапқы табиғатына байланысты олар  Дұға деген атпен де әйгіліКолледж басшысы мен ұлдар хабарлама жасауға құқылы,тіпті кейде кішігірім көрініс те қойылады.

Итон тарихының көп бөлігінде кіші сыныптар үлкен сыныптарына қызмет етуі керек болған. Олардың міндеттеріне үй жинау,тағам дайындау және әртүрлі нұсқауларды орындау жатқан.Бұл тәжірибе fagging деген атпен әйгілі және бұл 1970 жылға дейін көп колледждерде болған.Колледж капитандары әлі күнге дейін бірінші курс оқушыларын жұсайды.Мысалы,мектеп кеңсесінен поштаны алып келу.

Бірыңғай форма

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мектеп өз дәстүрлерімен қатар,қара фрак,көкірекшеден(жилет),жағадан және жіңішке жолақты шалбардан тұратын формасысен де әйгілі.Оқушылардың көп бөлігі ақ галстук тақса,кейбір жоғары сыныптар ақ көбелек және итальяндық жағаны киюге құқылы болған.

Принц Генри,Глостерский герцогі Итон костюмінде,1914 жыл

Мұғалімдер мен оқыту

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Оқушылар мен мұғалімдердің саны  8:1 тең және бұл жалпымектептік стандарттан төмен.[8] Оқудың алғашқы жылында бір сыныпта 20-25 оқушы болса,соңғы жылы он немесе одан да аз оқушы қалады.

Алғашқыда мектептегі оқу дұғаға,латын тіліне көп көңіл бөлетін.  [9]

Кейінірек  классикалық ғылымдарға,оның ішіндегі ең басты латынша,ежелгі тарих,ал жақсы жетістіктерге ие болған ұлдарға  ежелгі грек тіліне көңіл бөлінді.[10] 19-ғасырдың екінші жартысынан бастап бағдарлама кеңейіп,кеңейе түсті:мысалы,қазіргі таңда 100-ден аса оқушы жоспардан  тыс қытай тілін үйренуде. 1970-жылдары Итон колледжінде бір ғана компьютер болған. Бүгінгі таңда барлық ұлдарада ноутбуктар болуы керек және мектептің желісі барлық сыныптар мен ұлдардың бөлмелерін Интернетпен қосады.

Оқушы үлгерімі жайлы жауапкершілік колледж басшысынығң мойнында және оған көмектесетін қосымша мұғалімдер-тьюторлар бар. Әр кеш сайын оқушыларға бір сағат он бес минут уақыт берілген.Бұл уақыт Тыныш сағат деп аталыды және бұл уақытта оқушыларда басқа сабақтар болмаса, олар  уақытын сабақ оқуға,тапсырмалар дайындауға құрту керек.Колледж басшыларының шешіміне байланысты кейбір колледждерде кешкі дұғадан кейін екінші Тыныш сағат бар.Бұл ресми  жағынан кем емес және бұл уақытта оқушыларға бір-бірінің бөлмелеріне келуге рұқсат етіледі.

Қолдау және шаралар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Итонда оқушыларды мадақтау арқылы жоғары оқу стандартын қолдау жүйесі бар.Жақсы жасалған жұмыс мадақталып және мақталып,сонымен қатар,оқушының тьюторына жетістіктің дәлелі ретінде көрсетіледі.[11] Егер оқушы барлық пәндерден үлгерімі ерекше жақсы болса,онда ол мектеп директоры алдында мадақтала алады.

Егер оқушы көрнекті шығарма жазса,оның жұмысы Итонның болашақ оқушылары сол шығармамен танысуы үшін  мектептің архивінде сақталуға жіберілуі мүмкін.Бұл мадақтау тәсілі 18-ғасырдан бері сақталып келеді.Бұл жағдай сирек кездесетіндіктен Итонның көптеген студенттері үшін бұл жағдай құпия болы қала бермек.Жақсы шығарманы архивке жібергісі келген мұғалім белгілі бір бөлім басшысынан рұқсат алуы қажет.Ол қабылданған соң,студент колледж басшысымен,тьютормен,бөлім басшысымен  қол қойылған карта алады.

Егер оқушы нашар жұмыс жазса,онда оның үстіңгі жағы жыртылып,тьюторға танысу және қол қою үшін беріледі.

Емтихандар бүкіл оқушылар үшін күздік триместрдің соңында және бірінші,екінші жыл оқитындарға жаздық семестрдың соңында болады.

Музыка және театр

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Итон шіркеуінің органы.

Қазіргі «Регент»(музыкалық бөлім басшысы) болып саналатын Тим Джонсон.Мектеп 8 органдары мен концерт залымен мақтана алады.. Әртүрлі аспаптарда ойнауды үйрету де кездеседе және оның ішінде сирек кездесетіндері де бар,мысалға,диджерида.Мектеп көптеген ұлттық конкурстарға қатысса,көп оқушылар Ұлттық жастар оркестріне қатысады,ал мектеп талантты музыканттарға стипендия береді.Мектепте хор мен хор айту курстары бар.

Итонда жыл сайын көптеген пьесалар қойылады.Ең басты театр Farrer (400 адамдық) және 2 театр-студииялар— Caccia и Empty Space (90 және 80 адамдық).Шамамен 8-9 пьеса колледждермен,шамамен 3 немесе  4 тәуелсіз(олар бір колледжбен,продюсермен,режиссермен ғана шектелмейді;пьесаларды Итон қаржыландырады).Мектептің пьесалары өте жақсы абыройлы,сондықтан кейбір орындар ертерек алынып та қойылады.

Соңғы жылдары колледжде қойылған:

Еврипида комедиясының музыкалық нұсқасы«Вакханки» (2009 қазан ), «Шие бағы» (2011 ақпан) «Процесс» ( 2011 қазан) и «Сирано де Бержерак» ( 2012 мамыр ). 

Итонның ең әйгілі мерекесі «Төртінші маусым» — бұл Итонның негізін қалаушы Георг III туған күнін тойлау. Бұл күн қайықтардың шеруімен өтеді және шеру  ескі ағаш қайықтардың жүзуімен басталады.Ханымның ресми туған күні сияқты «Төртінші маусым» дәл 4 маусым күні емес,маусымның бірінші жексенбісінің алдындағы сәрсенбі күні тойланады.Итон сонымен қатар Әулие Андрей күнін де тойлайды және бұл күні Итонский пристенок ойыны ойналады.

«Бұрынғы Итондықтар»

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Итонның бұрынғы студенттерін  Бұрынғы Итондықтар  (Old Etonians) деп атайды. Итонның түлектері ішінен 19 британдық премьер-министр шыққаноның ішінде: сэр Роберт Уолпол, Уильям Питт Старший, герцог Веллингтон, Уильям Гладстон, Артур Джеймс Бальфур, Гарольд Макмиллан және қазіргі премьер-министр Дэвид Кэмерон.

Бұрынғы Итондықтың қара қайың түстес жолақтары бар галстугы.

Жазушылар арасында да Итондықтар аз емес: Генри Филдинг, Томас Грей, Гораций Уолпол, Олдос Хаксли, Перси Биши Шелли, Роберт Бриджес, Джордж Оруэлл, Энтони Поуэлл, Сирил Коннолли и Ян Флеминг.

Итонның басқа түлектері ішінде: ғалымдар Роберт Бойль, Джон Мейнард Смит, Джон Холдейн,жәнеДжон Гёрдон, денди Джордж Браммелл, экономисттер Джон Мейнард Кейнс және Ричард Лейард, Антарктика зерттеушісі Лоуренс Оутс, саясаткер Алан Кларк, зерттеуші сэр Ранульф Файнс, саяхатшы Беар Гриллс, композиторлар Томас Арн, Хьюберт Парри, и Питер Уорлок, и музыканттар Фрэнк Тёрнер и Хамфри Литтлтон,әртістер Джереми Бретт, Хью Лори и Том Хиддлстон.

Итон XXI ғасырда

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Виндзор көпірінен Итон колледжіне жететін негізгі Итон көшесі.

Өзінің 600 жылдық тарихына қарамастан заманауи Итон колледжі XXI ғасырдың талабына сай. Физика,химия,биология факультеттері тәжірибелік орнатқылардан саны және сапасы жағынан көп университеттерді озып өтеді.Актёрлық шеберлікті дамыту үшін профессионалды жарық пен дыбысы бар 400 орындық театр бар.Дизайн және технология негізінде студенттер жаңа жарыс машиналарының макетін құрастырады.Жас музыканттар профессионалды дыбыс жазу студиясын қолдануға мүмкіндігі бар.Шет тілдер факультеті таңдау байлығымен таң қалдырады:бүгінгі таңда 150 студент қытай тілін үйренуде,70-жапон тілін,50-араб тілдері. Европалық тілдер міндетті түрдегі мектеп бағдарламасына кіреді,тіпті орыстілі мен әдебиеті факультеті бар. 

Итон толығымен мектеп-интернат болып табылады.Колледжде тұру—бір орындық бөлмелерде,Интернет және оптикалық компьютер желілерімен қамтамасыз етілген.Әр студентте өзінің ноутбугы бар.

Мектепте спорттың барлық түрлерімен айналысуға болады. Бірақ,ең әйгілілері — дәстүрлі футбол, регби, крикетA-levels бітіруші емтихандардың нәтижесі бойынша Итон  британдық рейтингтік кестелерінде бірқалыпты бірінші орын алуда. Бұл таң қалдырмайды себебі,колледжге қабылдаудың өзі жетерлік қатты.Колледжге 13 жастан қабылдайтынына қарамастан ұлдар бірінші емтиханды 20-11 жасында тапсырады.Таңдалған бақытты жолы болғыштар 13 жасында математика, физика сияқты дәстүрлі пәндер ғана емес,тарих,география,француз тілі,латын тілі діндер мен дәл ғылымдық пәндерден "екінші турды"    тапсырады.

   Өзге елдік оқушы қалай түсуі керек

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Итонға түсу барысы қиын әрі ұзақ болғандықтан,өзге елдік оқушыға Итонға түсу ауыр болады.Ағылшын тілімен еркін сөйлеуден басқа,емтихан  тапсыру және тест жазу дағдылары болуы керек,ағылшын әдебиеті білімі жаман емес болуы керек,жеке меншік ағылшын мектептеріндегідей «ойланып»және«әрекеттену» дағдыларын қалыптастыруы қажет. Ұл баланы Итон мектебіне дайындаудың жалғыз тәсілі —оны Англияға әкеліп,7-9 жас шамасында Итон колледжіне дайындайтын бір мектеп-интернатқа беру және ол сол жерде басқа балдармен ағылшынша сөйлесіп,солармен бірге Итонға дайындайтын арнайы бағдарлама бойынша үйренеді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Nevill, p.4.
  2. J. Stuart Maclure, Educational Documents: England and Wales, 1816 to present day (Methuen Young Books, 1973, ISBN 978-0-416-78290-5), p. 83
  3. "Eton College Site Visit Report" .
  4. Rogers, Ben (2000) [1999].
  5. Eton College - Glossary. www.etoncollege.com. Тексерілген 7 қазан 2015.
  6. McConnell, J. D. R., Eton - How It Works (London, Faber and Faber, 1967), pp.19-20
  7. Eton College - Glossary
  8. "Facilities".
  9. Nevill, p.6.
  10. B. J. W. Hill, A Portrait of Eton, 1958, and Tim Card, Eton Renewed: A History of Eton College from 1860 to the Present Day, 1994
  11. McConnell, p.84