Жек көру
Жек көру — бір адамның өзге адамға қатысты ішкі сезімін білдіретін ұғым. Белгілі бір адамға қатысты жек көру сезімінің туындауы, ең алдымен, әлгі адамның жеке басындағы кісілік қасиеттерінің жоқтығы, мінез-құлқының ұнамсыз жақтарымен танылуы, өзінің азаматтық борышына немқұрайды қарап, қарым-қатынас жасаудағы жағымсыз оғаш әрекеттеріне байланысты болады. Жек көру мінездің өзіндік ерекшелігімен тығыз байланысты психологиялық күй. Мұндай күй адамның жан-дүниесіне қолайсыз әсер етіп, көңіл-күйін жабырқатады, мұңаю мен қамығу сезімін оятып, ренжітеді. Психологияда адамның өз көңіл-күйін билеп, жабырқау мен мұңаюдан бойын аулақ ұстауы ерік әрекеттеріне байланысты қарастырылады.[1]
Жек көру — тілімізде жеккөрінішті, жексұрын, сүйкімсіз дейтін атаулармен қолданыла береді. Жек көру сүйкімсіз, мінез-құлқы мен іс-әрекеті жағымсыз адамға қатысты білдіретін көңіл-күйі. Жек көру, негізінен, адамның оғаш қылықтарын, дөрекі мінезі мен жүріс-тұрысының да жексұрын қимыл-қозғалыстарын білдіреді. Жек көру адамның ұнамсыз, тартымсыз, қылықсыз, жағымсыз түр-сипатынан, іс-қимылынан, сөйлеген сөзінен, өзге адамдармен жағымсыз қарым-қатынасынан да көрініп тұрады да маңындағылардың жек көру сезімін тудырады. Жек көру адамның өзге адамдарға деген көңіл-күйінің қатынасын білдіретін сезімі. Жек көру сезімінің туындауы
- ең алдымен жеке басындағы кісілік қасиеттерінің жоқтығы;
- екіншіден, маңындағы адамдарға жағымсыз мінез-құлқының ұнамсыз жақтарымен көзге көрінуі;
- үшіншіден, өз басының әлеуметтік орны мен азаматтық борышына немқұрайды қарап, қарым-қатынас жасаудағы жағымсыз, оғаш әрекеттеріне байланысты болып отырады.
Жек көру сәбилер мен бүлдіршіндердің өмірінен айқып байқалып отырады. Ойын үстінде балалар біріне-бірі дөрекілік жасап, құрбысына әділетсіз әрекет жасаса, оны өзгелері жек көріп, оған жиіркенішті сезіммен қарайтын болады. Ондай құрбыларымен бірлесіп ойнағысы келмей тартыншақтық көрсетеді. Жек көру мінездің өзіндік ерекшелігін білдіретін сезіммен тығыз байланысты психологиялық күй. Жек көру сезімі адамды дұшпанға, қаскөйлердің жауыздық әрекеті мен дұшпандық іс-әрекетіне деген көзқарасында тұрақты болып келеді. Жек көру жексұрындық пен сүйкімсіздік адамның жан дүниесіне қолайсыз әсер етіп, көңіл-күйін жабырқатады, мұңаю мен қамығу сезімін оятып ренжітеді. Психологияда адамның өз көңіл-күйін билеп, жабырқау мен мұңаюдан бойын аулақ ұстауы ерікті әрекеттеріне байланысты деп көрсетеді.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
- ↑ Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |