Галофиттер
Галофиттер немесе Сортаң өсімдіктер ( көне грекше: ἅλς — тұз және көне грекше: φυτόν — өсімдік) — сор және сортаң топырақта тіршілік етуге бейімделген өсімдіктер (мысалы, жусанның кейбір турлері, жыңғыл, солерос, тағы басқа). Түзсүйгіш өсімдіктер шөлдерде және шолейттерде, мұхиттың кейбір жағалауларында кең таралған. Түзсүйгіш өсімдіктер сортаңданған топырақта тіршілік етуге арнайы физиологиялық бейімделгіштігімен ерекшеленеді. Топырақ ерітіндісіндегі концентрациясы жоғары тұзға тезу өсімдіктің су режимімен байланысты және төзгіштер стратегиясын көрсетеді. Тұздың концентрациясы жоғары ерітіндіден суды сіңіру үшін өсімдік жасуша шырынының осмостық қысымын көтеруі мүмкін немесе су тұтынуды шырын есебінен (яғни, шырынды жапырақтарда және сабақтарда ылғалдық жиналуы, мысалы, солерос) тұздың артық мөлшерін арнайы лептесіктер арқылы жапырақ бетіне шығарып, азайтуы мүмкін. Түзсүйгіш өсімдіктер түрлері далалық белдемде қара топырақты жерді суарудан немесе жолдағы қарды еріту үшін үнемі тұз пайдаланудан болатын топырақтың сортандану процесінің көрсеткіші ретінде қолданылады.[1]топырақтарда өсетін өсімдіктер.
Биологиялық сипаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Олар суккулентті, яғни шырынды болып келеді, сондықтан жер бетінде су жинай алады. Кейбір түрлері бойындағы тұзын тікелей жапырағының бетіне шығара алады. Бұлардың жапырақтары түнге қарай ұдайы дымқылданып тұрады. Ал күндіз суы буға айналып ұшып кетеді де жапырақ бетіне қақ тұз жинала келеді. Сортаң өсімдіктер құнарлы мал азығы, индикатор третінде сор сортаң жерлерді ажыратуға мүмкіндік береді.
Галофиттер 3 топқа бөлінеді:
- эвгалофиттер немесе тығыз галофиттер – бұлардың клеткаларындағы протоплазмасы тұздылығы жоғары ортаға бейімделген өсімдіктер (жапырақтары етжеңді, сабақтары жуан болады);
- криногалофиттер – жапырағы мен сабағына жиналып қалған тұзды сыртқа шығаратын арнайы [бездері бар өсімдіктер (мыс., кермек, жыңғыл, т.б.);
- гликогалофиттер – тамырлары тұзды аз өткізуге бейімделген өсімдіктер (мыс., жусанның кейбір түрлері).
Галофиттер топырақтың сорға айналуында көрсеткіші болып есептеледі[2].
Қазақстанда галофиттердің таралымы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазақстанда шамамен 180 түрі бар[3]. Қазақстанда бұл өсімдіктер түрі көбінесе Каспий маңы ойпаты, Маңғышлақ, Үстірт, Арал маңына тараған. Қазақстанда олардың сарсазан, қарабарақ, шағыр, қара сексеуіл, сараң, жыңғыл, иттабан, реомерия, гололах секілді түрлері кездеседі.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0
- ↑ Қазақ Энциклопедиясы
- ↑ Қазақ ССР қысқаша энциклопедиялық-2 том-Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы-Алматы,1987-