Ведута
Ведута — қалалық ландшафтты масштаб пен пропорцияға қатысты панорама түрінде бейнелейтін XVIIІ ғасырдағы венециялық сурет өнерінің жанры. [1] «Ведута» термині итальяндық «veduta» сөзінен шыққан, «көрініс» дегенді білдіреді және күнделікті қалалық пейзажды бейнелейтін суреттерге қатысты қолданылады. Бұл жанрдың басын бастаған фламандиялық суретші Пауль Бриль және неміс Йозеф Ханц Кіші болды, олардың шығармашылық өмірінің көп бөлігі Венецияда өтті. Осы жанрдағы кескіндемелер, суреттер мен нақыштар мұқият егжей-тегжейлігімен, табиғатпен толық сәйкестілікпен және қалалық ландшафттың танылуымен сипатталады.
Ерекшеліктері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазір ведута сәулет графикасының бейнесі ретінде, ал XV - XVI ғасырларда «топографиялық тұрғыдан дәл қала ландшафты» ретінде қабылданды. Қаланың өзіндік ерекшеліктері, ғимараттардың көркемділігі және сол жердің табиғи (өзендер, төбелер және т.б.) және қолдан жасалған (каналдар, мұнаралар, қоңырау мұнаралары) орындары ведута суреттерінде көрініс табады. Осы жанрдағы кескіндемелер, суреттер мен нақыштар мұқият егжей-тегжейлігімен, табиғатпен толық сәйкестілікпен және қалалық ландшафттың танылуымен сипатталады. [2]
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]XVII ғасырда қалалық пейзаж Питер Санредам, Ян ван дер Хейден, ағайынды Беркхейде секілді «кішкі голландиялықтар» деген есімге ие бірқатар шеберлердің сүйікті жанрларының бірі болды. Жанрдағы революциялық болып саналатын "Дельфт көрінісі" суретін 1660 жылы Ян Вермеер камера-обскура арқылы салған болатын. Тағы бір голландиялық суретші, Гаспар ван Виттель ведута сәнін Италияға әкелді және veduta esatta (су бетін қамтитын қалалық көрініс) шебері ретінде танымал болды.
Осылайша, біртіндеп қалалық көріністерді дәл жеткізген голландиялық суретшілердің туындылары ауқатты орта тапты қызықтырып, сатыла бастады. XVIIІ ғасырдың ортасына қарай Венеция ведута өнерінің танылған орталығына айналды. Сондай-ақ, Джованни Антонио Каналь (Каналетто) Венециандық Ведутистер мектебінің жетекшісі болды, ал оның жұмыстары қалалық пейзаж шеберлерінің көптеген ұрпақтары үшін үлгі-нұсқа болып табылады. Оның студенттері арасында дарынды суретшілер Бернардо Беллотто, Франческо Гварди, Мишель Мариески бар. Ведута өнерінің дамуына суретші, гравер және математик Лука Карлеварис та үлкен үлес қосқан болатын. [3]
Танымал суретшілері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Джованни Антонио Каналь,
- Питер Санредам,
- Пауль Бриль,
- Антонио Джоли,
- Мишель Мариески,
- Лука Карлеварис,
- Луиджи Премацци,
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Стили и направления живописи
- ↑ Художники в помощь академикам Мұрағатталған 26 сәуірдің 2018 жылы.
- ↑ Ведута в изобразительном искусстве