[go: up one dir, main page]

Мазмұнға өту

Бадырақкөз

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Бадырақкөз

Бадырақкөз, экзофтальм (грек. ex — сыртқы және грек. ophtһalmosкөз) — көздің ұясынан сыртқа ығысуы түрінде байқалатын сырқат.

Бадырақкөз шын және жалған болып ажыратылады. Шын бадырақкөзге көз бен көз ұясының аурулары, ал жалған бадырақкөзге көздің нашар көруінен болатын аурулар жатады. Шын бадырақкөз тұрақты, ауыспалы, солқылдақ болып үшке бөлінеді. Тұрақты б-дің басты себептері: жалпы организм аурулары (лейкемия, тиреотоксикоз, т.б.), бас аурулары (ми ісігі, қан тамырларының кеңеюі), мұрын қуысы ісігінің немесе қабынуының көзге шабуы. Ауыспалы бадырақкөз тамырдың варикозды кеңеюінің салдарынан пайда болады. Венадағы қан қысымы көбейгенде көз ұясынан алға қарай ығысып, қайтқанда — ішіне түсіп, шүңірейіп тұрады. Солқылдақ бадырақкөз кезінде ішкі ұйқы артериясы мен көз қуысының арасында қосымша қан тамыры (жалғама) пайда болады. Мұндай жалғама іштен немесе қан тасу аурулары, бастың жарақаттануы салдарынан пайда болады. Бадырақкөзді негізінен операция жасау арқылы емдейді.[1]

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Exophthalmos

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том