[go: up one dir, main page]

Мазмұнға өту

Ахмим

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Ахмим қаласы (Египет) – Египеттегі Сохаг провинциясындағы қала. Ежелгі египеттіктер Хент-мин, ал копттар Хмин деп атаған. Халық саны 98 469 адам (2006 жылғы халық санағы бойынша). Ежелгі гректер қаланы Хеммис және Панополис деп атаған. Қала тұрғындары Мин құдайға табынған. Мин керуен жолдарының құдайы болғандықтан, көшпенді тайпалар арасында жақсы таралған болатын. Қазба жұмыстары кезінде қаладан көптеген қолжазбаларды тапты, соның ішінде Енохтың Кітабы болды. 1907 жылы Ахмимде 23 795 адам тұрды. Оның 1/3 копттар еді. Қалада бірнеше мешіт пен екі копт шіркеуі бар.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Cities in Egypt: 2005 Population Estimates