[go: up one dir, main page]

Мазмұнға өту

Ангара

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Ангара
(бур. - Ангар мүрэн)
Сипаттамасы
Ұзындығы 1779 км
Су алабының
ауданы
1039000 км²
Су алабы Енисей, Карск теңізі
Өзендердің
су алабы
Печора мен Обь өзендері аралықтарындағы Кара теңізі су алабының өзендері
Су ағысы
Бастауы Байкал
 • Биіктігі 456 м
 • Координаттары 51°52′00″ с. е. 104°49′10″ ш. б. / 51.86667° с. е. 104.81944° ш. б. / 51.86667; 104.81944 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Енисей
 • Биіктігі 76 58/06/00/N/93/00/00/E м
 • Координаттары 58°06′00″ с. е. 93°00′00″ ш. б. / 58.10000° с. е. 93.00000° ш. б. / 58.10000; 93.00000 (G) (O) (Я)Координаттар: 58°06′00″ с. е. 93°00′00″ ш. б. / 58.10000° с. е. 93.00000° ш. б. / 58.10000; 93.00000 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел Ресей
Аймақ Иркутск облысы
Ортаққор: Ангара

Ангара (бур. - Ангар мүрэн) [1]Ресей Федерациясының Красноярск өлкесі мен Иркутск облысындағы өзен.

Ангара
  • Енисейдің (Енесай) оң жақ саласы.
  • Ұзындығы 1779 км, су жинау алабының ауданы 1039 км2.
  • Байкал көлінен бастау алады.
  • Өзенге бөгендер көп салынған.
  • Құяр сағасына таяу жерде Енисей бұйратын кесіп өтеді; аңғарының ені 3-4 км.
  • Басты салалары: Іркіт, Китой, Ақсу, Ока, Ия, Илим, Чадобец.
  • Байкал көлінің және қар, жаңбыр суларымен толысады. Иркутск қаласы тұсындағы көпжылдық орташа ағыны 1700 м3/сек.
  • Братск СЭС-і маңында 2900 м3/сек.
  • Төменгі ағысында қараша айының 1-жартысында, Братск бөгенінде желтоқсанда мұз қатады; мамырдың 1-жартысында мұзы ериді. Өзен арқылы Иркутскіден Байкалға және Братск СЭС-іне дейін тұрақты кеме қатынайды.
  • Басты порттары: Иркутск, Ангарск, Братск. Өзеннен шоқыр, бекіре, хариус, елец т.б. балықтар ауланады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9