Автотрофтар
Автотрофтар (гр. autos — өзім, өздігінен; trophe — қорек, қоректену, тамақтану) — бейорганикалық заттардан (көмірқышқыл газынан, судан, азоттың бейорганикалық қосылыстарынан) фотосинтез немесе хемосинтез арқылы органикалық дүниенің тіршілігі үшін тым қажет күрделі органикалық заттарды (акуыздарды, майларды, көмірсуларды) түзетін организмдер. Автотрофты организмдерге жасушаларында жүретін фотосинтез процесі үшін күн сәулесі қуатын пайдаланатын жасыл өсімдіктер және хемосинтез процесі үшін химиялық қуатты пайдаланатын кейбір хемотрофты бактериялар жатады. Автотропты ағзалардың табиғатта маңызы өте зор, олар адам және жануар синтездей алмайтын барлық органикалық заттарды құрайды.
Автотропты ағзаларға жоғарғы сатыдағы өсімдіктер (паразиттер мен сапрофиттерден басқа), балдырлар және кейбір бактериялар жатады. Автотропты бактериялар органикалық заттарды минералды қосылыстардан синтездейді. Ол үшін химиялық реакциялар (хемоситез) қуатын пайдаланады. Мысалы, топырақ бактериялары -нитросомонас және нитробактер аммиакты азот қышқылының тұзына дейін тотықтырады да, одан босаған қуатты денесін құруға пайдаланады. Кейбір микроағза жасушасында хлорофилл тектес пигменттер болғандықтан, синтездеу процессіне қажетті қуатты күн сәулесінен алады. Оларды фотосинтездеуші Автотропты микроағзалар деп атайды.[1][2]
Автотрофты организмдер[3](грек. autos – өзі және trophé – қорек)– қоршалған ортадағы бейорганикалық заттардан фотосинтез немесе хемосинтез процесі нәтижесінде тіршілігіне қажетті органикалық зат түзетін организмдер. Автотрофты организмдерге жоғары сатыдағы өсімдіктер, балдырлар, кейбір бактериялар жатады.
Автотрофты бактериялар минералдық заттардан (H2S, NaNO2, NH4OH) органикалық қосылыстар түзеді. Бұл процесс химиялық реакциялар (хемосинтез) нәтижесінде атқарылады.
Мысалы,топырақтағы нитросомонас және нитробактериялараммиакты тотықтырып, азот қышқылының тұзына айналдырады да,
одан босаған қуатты өз денесінің құрамына енетін заттарды түзуге пайдаланады.
Кейбір микроорганизмдер денесінде хлорофилл тектес пигменттер болады, сондықтан олар синтездік процестерге қажет қуатты күн сәулесінен алады. Оларды фотосинтездеуші автотрофты микроорганизмдер деп атайды.
Жоғары сатыдағы өсімдіктер мен балдырлар да денесінде хлорофилл болғандықтан қарапайым қосылыстардан — көмірқышқыл газдан — күрделі органикалық заттар түзу процесінде күн сәулесінің қуатын пайдаланады.
Кейбір Автотрофты организмдер витаминдер мен өсуіне қажетті өзге де заттарды қоршаған ортадан алып отырады.
Аутотрофты организмдердің басым көпшілігі СО2-ні қалыптастырғыш пентозофосфаттық жол арқылы, ал бактериялардың кейбір түрлері (мысалы, метан түзушілер) СО2-ні басқа жолмен сіңіреді. Осыған байланысты көміртегі көзі ретінде метанды пайдаланатын бактерияларды да Аутотрофты организмдерге жатқызу жайлы пікірлер бар.
Аутотрофты организмдердің табиғатта маңызы өте зор. Олар адам мен жануарлар түзе алмайтын органикалық заттарды жинақтайды.
Аутотрофты организмдер —биосферадағы органикалық заттардың бастапқы өндіргіштері (продуценттері). Табиғатта фотосинтездеуші аутотрофты организмдер ерекше орны алады, себебі олар биосферадағы органикалық заттардың басым бөлігін (жылына шамамен 162×109 т), ал оның 2/3-ін жер бетіндегі өсімдіктер түзеді. Басқа Аутотрофты организмдер үлесі онша көп емес.
Аутотрофты организмдер әрекеті басқа организмдердің тіршілігіне және де табиғаттағы заттардың биогеохимиялық айналымына маңызды ықпал етеді. Аутотрофты организмдер тағамдардық заттарды бүлдірмейді.
Хлорофилі бар өсімдік жасушаларының тірі табиғат үшін маңызы өте зор, себебі онда өзіне тән ерекше әрекеттер (процестер) жүріп жатады. Ол әрекеттер фотосинтез деген атпен ғылымға әйгілі. Фотосинтез дегеніміз күн сәулесі энергиясын химиялық байланыстар энергиясына айналдыратын күрделі механизмді әрекет. Яғни, хлорофилі бар өсімдік жасушалары күн сәулесі энергиясын пайдаланып бейорганикалық заттардан органикалық заттарды синтездей алады, ондай жасушаларды автотрофты деп атайды. Осы әрекеттің жиынтық теңдеуі былай өрнектеледі:
6СО2 + 6Н2О → С6Н12О6 + 6О2 ↑
Автотрофтық көл
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Автотрофтық көл (грекше тағам, тамақ) — өзінде мекендейтін организмдерді суында болатын қоректік заттармен қамтамасыз ететін көл.[4]
Автотрофтық өзен
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Автотрофтық өзен - алабы түгелдей бір ғана физикалық-географиялық аймақта орналасқан және өзінің режімімен тек осы аймаққа ғана тән ерекшеліктері болатын өзен.[5]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9
- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том
- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
|