І Аббас (Парсы шаһы)
І Аббас парсы: شاه عباس بزرگ әз. I Abbas Səfəvi | ||||
| ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
1 қазан 1588 жыл — 19 қаңтар 1629 жыл | ||||
(Лақап аты І Аббас) | ||||
Ізашары | Мұхаммед Худабенде | |||
Ізбасары | I Сафи | |||
Өмірбаяны | ||||
Діні | Ислам, Шиит | |||
Дүниеге келуі | 27 қаңтар 1571 Херат | |||
Қайтыс болуы | 19 қаңтар 1629 (57 жас) Қазвин | |||
Жерленді | Кашан | |||
Династия | Сефевидтер | |||
Әкесі | Мұхаммед Худабенде | |||
Анасы | Махди Улья | |||
Жұбайы | Мезди-Улья бейим, Огланпаша ханым, | |||
Балалары | Ұлдары: Мұхаммедбағыр Фейзи Мырза, Хасан Мырза, Хусейн Мырза, Тахмасиб Мырза, Мұхаммед Мырза, Исмаил Мырза, Имамғулу Мира
Қыздар: Шахзаде Сұлтан, Зибайде Сұлтан, Ханага Сұлтан, Хевва Сұлтан, Шахбану Сұлтан, Мелекнисе Сұлтан | |||
І Аббас Ортаққорда | ||||
өңдеу |
І Аббас (парсы: شاه عَباس بُزُرگ; әз: I Abbas Səfəvi; 27 қаңтар 1571 жыл – 19 қаңтар 1629 жыл) — Парсы империясындағы Сефевид әулетінің ең көрнекті билеушісі және қолбасшысы.
Аббас – Иран шаһы Сұлтан Мұхаммедтің үшінші ұлы және тақ мұрагері. Әкесінің орнын 1588 жылдың қазан айында басты. 1590 жылы Аббас Парсы территориясының бір бөлігін беріп, Осман империясымен арадағы соғысты тоқтатты.
Мұндағы мақсаты Солтүстік-Шығыс Ирандағы көшпелі өзбектерді елден қуып, өздеріне бәсекелес Қызылбас тайпасын биліктен шеттету болатын. Үндістан мен Еуропа арасында сауда-саттық байланысты дамытты. Осы кезеңде парсы өнерінің жұлдызды шағы туып, жазбаларды қашап жазу, керамика мен бейнелеу өнері қарштап дамыды. Әскери жетістіктері мен әкімшілік жүйені тиімді басқаруының арқасында Аббас шах Иранды Ұлы мемлекет деңгейіне жеткізді.
Әкесі шах Мұхаммедтің ізін жалғастырған ол, осман және өзбек әскерлерін қуып шығып, тұрақты армия жасағын құру арқылы Сефевидтер династиясын күшейткен. Аббас Исфахан қаласын Парсы елінің астанасы қылып бекітеді. Исфахан елді Аббас билеп тұрған кезде әлемдегі ең әдемі қалалардың бірі болып өркендейді.
Осы кезеңде парсы өнерінің жұлдызды шағы туып, жазбаларды қашап жазу, керамика мен бейнелеу өнері қарыштап дамыды, ал португалдықтар, голландтар мен ағылшындар Парсы елімен сауда-саттық жасау құқығы үшін өзара талас жүргізді. Қоғамдық өмірде төзімділік танытып (христиандық қауымға айрықша құқықтар беріп), халықтың әл-ауқатын көтеруге ден қойды. Алайда өз басының қауіпсіздігі үшін жақын туыстарына қатыгездікпен қараған.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Encyclopedia Britannica ISBN 978-5-17-038532-4
Әдебиет
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Ұлы императорлар. – Алматы: “Aруна” баспасы. – 208 бет. – Сер.: “1100 қызықты деректер”. ISBN 978-9965-26-591-4