Іле Алатауы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Іле Алатауы

Іле Алатауының Халықаралық Алматы әуежайынан көрінісі
Сипаттамасы
Тау жүйесі

Тянь-Шань

Пайда болған кезеңі

Кембрий, төменгі палеозой

Ұзындығы

350 км

Ені

30-40 км

Ең биік шыңы

Талғар шыңы

Биіктігі

4973 м

Орналасуы

43°03′ с. е. 77°15′ ш. б. / 43.050° с. е. 77.250° ш. б. / 43.050; 77.250 (G) (O) (Я)Координаттар: 43°03′ с. е. 77°15′ ш. б. / 43.050° с. е. 77.250° ш. б. / 43.050; 77.250 (G) (O) (Я) (T)

Елдер

 Қазақстан  Қырғызстан

Іле Алатауы (Қазақстан)
Іле Алатауы
Іле Алатауы (Қырғызстан)
Іле Алатауы
Ортаққордағы санаты

Іле Алатауы, Алматы АлатауыТянь-Шань тау жүйесінің солтүстігіндегі жота.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан. Оңтүстікке қарай доға тәрізденіп иілген жота ендік бойымен созылған. Ұзындығы 350 км, ені 30 – 40 км.

Жер бедері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Іле Алатауының ең биік жері - Талғар шыңы

Қаскелең мен Түрген өзендерінің аралығындағы орталық бөлігі биік. Мұнда гляциалдық-альпілік жер бедері – қырлы жалдар, сүйір шыңдар, қия жартастар, қарлар таралған. Бірқатар шыңдары 4500 – 5000 м биіктікке жетеді (Талғар шыңы, 4973 м). Қазіргі мұздықтар да осында шоғырланған. Шілік және Кемін өзендерінің бастауында Іле Алатауы Күнгей Алатауына жақындап, Шілік-Кемін тау түйінін құрайды. Орталық биік бөлігінен батыс және шығысқа қарай жота біртіндеп аласарады. Жотаның шығыс бөлігі ұзына бойғы аңғарлармен бір-біріне жарыса созылып кететін Бақай, Сарытау, Сөгеті, Бұғыты, Торайғыр тау тізбектеріне бөлшектелінеді. Батыста беті тегістеу келген Қастек, Кіндіктас аласа тауларына өтеді. Іле Алатауының оңтүстік беткейі тік және аз тілімделген. Солтүстік беткейі біршама көлбеу. Орта таулы өңірден төменде тау алдының адырлары айқын байқалады.

Геологиялық құрылымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Іле Алатауы кембрийге дейінгі дәуірдің және төменгі палеозойдың гранит, конгломерат, әктас, құмтас және тақтатастарынан түзілген. Каледон тау түзілімінде пайда болған жота силурден бастап ұзақ уақыт денудацияға ұшырап, аласарған. Неоген мен антропогендегі жаңа тектоникалық қозғалыстардың нәтижесінде денудациялық жазықтар мен ұсақ шоқылардың орнына биік таулы жер бедері түзілген. Тектоникалық қозғалыстар қазірге дейін жалғасуда. Плейстоценде бірнеше қайтара мұз басуға ұшыраған.

Климаты, климаттық белдеулері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Үлкен Алматы көлі бар су құбыры
Үлкен Алматы көлі, 2016

Климат жағдайлары биіктік белдеміне сәйкес. Шілденің орташа темпаратурасы тау етегіндегі аңғарларда 20 – 25°С-тан тау басында 0°С-қа дейін және онан да төмен түседі. Қаңтардың орташа температурасы етегінде –6 – 8°С. Температуралық инверсияға байланысты 1500 – 1600 м биіктікке дейін біршама жоғарылайды да одан әрі қайтадан төмендейді. Жылдық жауын-шашын тауалды өңірінде 500 – 600 мм-ден биік, таулы белдеуде 800 – 900 мм дейін. Іле Алатауыда жалпы ауданы 478 км2 болатын 381 мұздық бар. Ең ірісі – Корженевский мұздығының ұзындығы 4,7 км. Өзендері Іле мен Шудың алабына жатады. Олардың суға молығуында мұздық пен қар суы негізгі орын алады. Табиғат белдеулері солт. беткейінде толық көрінеді. Шөлейт, қуаң дала, әр түрлі шөпті, бұталы, орманды-шалғынды дала, субальпі және альпі белдеулері айқын жіктелген. Тау бастарын мәңгі қар мен мұз басқан. Солтүстік бөктерінде – Алматы қаласы орналасқан. Кіші Алматы өзені аңғарында селге қарсы бөгет салынған.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы, 9 том