Би-Би-Си

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(BBC бетінен бағытталды)
Навигацияға өту Іздеуге өту
Би-би-си
BBC(British Broadcasting Corporation)
Түрі

Корольдік жарғымен бекітілген нормативтік корпорациясы

Қызметі

телетарату, радио, веб-порталдар

Орналасуы

Broadcasting House, Портленд орны, Лондон

Басты адамдары

Рона Фаирхад
(BBC Trust төрайымы)
Тони Холл
Биркенхад Холл бароны
(Бас директор)

Саласы

радио-, интернет- және телетарату

Айналым

£5.066 млрд. (2013/14)

Қызметкерлер саны

20,736 (2013/14)

Сайты

bbc.co.uk (Ұлыбритания)
bbc.com (Қалған әлем)

Би-би-си (ағылш. BBC (British Broadcasting Corporation) — Ұлыбританияның радиохабар бірлестігі, радио-, интернет- және телетарату комплексі. Бірлестік Ұлыбританияның радио және телехабар тарату ісіне басшылық етеді. Медиакорпорация Би-би-си Әлемдік қызметі басқаратын, ішкі, сондай-ақ сыртқы Интернет-, радио- және телетарату ісін жүзеге асырады. Корпорация мемлекеттік емес БАҚ өкілі - қоғамдық ұйым, оның барлық қызметіне Ұлыбритания патшайымы тағайындайтын 12 қамқоршыдан тұратын Бақылау кеңесі басшылық жасайды. Ұлыбританияның сыртында, ол ең алдымен 28 мемлекетке тарайтын BBC World Service радио қызметімен, және BBC World News телеарнасымен танымал.

Негізі 1922 жылы 18 қазанда қаланған. Орталығы Лондон қаласында.

A.
Би-би-си.

1932 жылдан дүние жүзінің көптеген елдеріне тәулік бойы 36 тілде хабар таратады. КСРО империясы өмір сүріп тұрған кезде бірлестік Ағылшын барлау қызметі СИС-пен (“Сикрет интелидженс сервис”) тығыз байланыста қызмет істеп, антикоммунистік бағытта жұмыс жүргізді. Би-би-си, негізінен, бес бағдарлама бойынша (поп-музыка, ақпарат, спорт, мәдени-ағарту және түрлі музыкалық ойын-сауық хабарлары) радиохабарлар, 1936 жылдан бастап теледидардан екі арна бойынша телехабарлар (мәдени-ағарту және жалпы салада) таратады. Қазақстанда 1994 жылдан бері тілшілер қосыны жұмыс істейді.[1][2]

Би-би-Си, негізінен, бес бағдарлама бойынша (поп-музыка, ақпарат, спорт, мәдени-ағарту және түрлі музыкалық ойын-сауық хабарлары) радиохабарлар, 1936 жылдан бастап теледидардан екі арна бойынша телехабарлар (мәдени-ағарту және жалпы салада) таратады. Тұракты хабарлар беруді 1946 жылдан басатаған. Компанияның қаржы көзі абоненттік төлемдер мен жарнама (1971 жылдан бастап радиоқабылдағышты пайдаланғаны үшін төлем жойылды). Шетелдік аудиторияға аптасына 643 сағат, 39 тілде хабарлар таратады. Шетелдерге хабар тарату қызметі толықтай үкімет тарапынан қаржыландырылады. Қазақстанда Би-Би-Си-дің тілшілері 1994 жылдан бастап жұмыс істейді.

Би-би-си журналистері сухбаттасу үшін – екі түрлі сұрақ дайындайды. Біріншісі негізгі және косымша сұрақ. Негізгі сұрақ міндетті түрде эфирден беріледі, ал косымша сұрақтар жауап беруші сұрақтан жалтарған кезде ғана қойылады. Сұрақтар қысқа, түсінікті қойылуы керек, ал жауап анық болуы қажет. Сұхбат алған журналист талдау жасауға тиіс емес, тыңдаушыға ақпарат кана береді.

Би-би-си қоғамдық теледидарының екінші арнасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1964 жылы ашылған "Би-Би-Си-2". Осыған орай ол көптеген қиындықтарга кездесті. (Бағдарламаларды жасауға кететін шығындар екі арнаны қамтамасыз етуі керек болды). Мұның үстіне техникалық қиындықтар да жолықты. Би-Би-Си-1 405 жол жиілікте қабылдаса, Би-Би-Си-2 хабарды 625 жол жоғары жиілікте жузеге асыруға тиіс болды. Оның үстіне осы 2-арна Ұлыбританияда түрлі түсті хабарды бірінші рет көрсетті (ал Би-Би-Си-1 мен Ай-Ти-Ви одан кейін кірісті). Ұлыбритания теледидары 70-жылдан "алтын ғасыр" кезеңін бастап кешірді. Осы уақытта Би-БиСи-2 британ теледидарында өз орнын "мәдени" арна ретінде тапты.

Ақсуйек топқа қызмет етті. Оның күнделікті бағдарламалары опера, авангардтық театр, ғылыми хабарлар, "Ашық Университет" білім беру бағдарламасы. Тіпті түнгі хабарларының өзі де ұсынған бағыттарының берік екендігін байқатады. 1988 жылы эфирлерге арнаулы түнгі хабарлар беруді бастаса, "Түнгі мектеп" білім беру бағдарламасы, "Парламенттегі күн" арналары түнгі сағат 2-де басталып, таңғы 4-ке дейін беріледі.

Би-би-си хабарларды жасау үшін – орталықтандырылған редакция кун сайын бүкіл сыртқы қызмет үшін 197 ақпараттық бағдарлама әзірлейді. "Әлемдік жаңалықтар" 9 минуттен, "қысқа жаңалықтар" 1,5-2 минутке дейін беріледі. Сонымен қатар Би-Би-Си, Си-Си-Эн-нің хабарларын өте белсенді түрде пайдаланады. Би-БиСи үшін "кешегі газеттен ескі ешнәрсе жоқ екендігі". "Бір сағатка кешіккен жаңалық жаңалық емес", дейді paдио қызметкерлері.

Би-би-си-дің "алтын ғасыры – 1930 жылдан басталды. 1932 жылы өзінде оның тыңдаушысы 5 миллионға жетті, ал 1938 жылы Ұлыбританияның 98%-і оның хабарларын кабылдады. Әсіресе соғыс кезінде барлық мүмкіндіктер Би-би-си-ге бөлінді. Ол оз хабарлары арқылы елді біріктіре отырып халықтың рухын нығайта тусті. Әсіресе, кешкі ақпараттарды ағылшын халқы үзбей тыңдады. Бұл жаңалықтар Еурпа елдеріне де таратылды. Би-би-си-дің ішкі хабарлары әр кезеңде өз аудиториясын ұстап отыру үшін жаңа бағдарламалар тұжырымдамасын жүзеге асырып отырады. Соған орай ағылшын мемлекеттік радиохабарлары бес бағдарлама бойынша жұмыс істейді. Радио Би-Би-Си ішкі хабарларының бірінші бағдарламасы. 1967 жылдан бері, негізінен, жастарды өзіне тарту мақсатында поп-музыка береді: Диск-жокейлер жүргізетін 2 сағаттық бейнетаспалы концерттер кысқа ақпараттармен кезектесіп отырады. Бірінші бағдарламаның аудиториясын 25 жасқа дейінгі жастар құрайды. Хабар тәулік бойы беріледі. "Радио - 2" Би-Би-Си ішкі радиохабарларының екінші бағдарламасы. 1967 жылы құрылған. Негізінен, танымал музыкалар мен көңіл көтеретін бағдарламалар береді. Бұл бағдарламалардың Радио-1-ден айырмашылығы америкалық форматтағы радиостанциялардың үлгісінде жасалған. "Үздіксіз тізбек" әдісімен берілген әуен кілт үзіліп, азғана хабарлар, спорт тақырыбы айтылады. Радио-3 – Би-Би-Си радиохабарларының үшінші бағдарламасы. Бұл "Би-Би-Си тәжінің лағыл тасы" деп аталатын ең қымбат тұратын және өте беделді бағдарламасы. Осы арқылы корпорация өзін өнер жебеушісі ретінде көрсете алады. Салиқалы әуендердің барлық түрлері "Радио-3" хабарларының 80%-ын иеленеді. Радиоға лайықталған опералар, концерттер, әдеби және драммалық шығармалар қаз-қалпында беріледі. Бұл бағдарламаға 30 жылдан астам уақыт өтсе де, ол оз бағытын өзгерткен жоқ. Бағдарлама азшылықка ғана, яғни ақсуйек топқа арналған. Радио-3-ті Улыб-ритания халқының 1%-ы ғана тыңдайды. Радио-4 Би-би-си-дің ішкі хабарларының төртінші бағдарламасы. Алдыңғы үш бағдарламаға қарағанда, бұл ақпаратты-насихаттық деп айтуға болады. Жаңалықтар, радиожурналдар, балалар хабарларын береді. Астана тұрғындарынан гөрі, провинция халқына есептелген. Насихаттык бағыттағы бес негізгі айдардан және оны толықтыратын сегіз жаңалықтар тегінен тұрады. Әйелдер сағаты айдарымен берілетін хабар ежелден келе жатыр, накты адресі бар бұл хабарды үй шаруасындағы әйелдердің 70%-дан астамы тыңдайды. Радио-4 бағдарламасы хабарларының барлығы нақты тыңдаушыларға арналған: олар бақша өсірушілер, автожүргізушілер, филателистер, зейнеткерлер, зағиптар т.б. Осы бағдарламаның күндіз берілетін жаңалықтар тобын 4 миллион адам тыңдайды. Оның жүргізүшісі атақты телерадиокомментатор Робин Дэй.

Би-би-си-дің багдарламалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

"Ю-Кэй арена" (кең көлемді бағдарлама), "Ю-Кэй хоризонс" (табиғат пен саяхат жөніндегі деректі фильмдер, балалар бағдарламасы) және "Ю-Кэй стайл" (ас мәзірі, туризм, т.б.).

Би-би-си-дің ең ұзақ жалпы ұлттық трансляциясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1953 жылы II Елизавета патшайым тәжін киюіне арналған салтанаттан жүргізілген репортаж ертеңгілік сағаи 10.15-те басталып, 17.30-да аяқталған, яғни репортаж 7 сағат 15 минутке созылған.

Би-би-си-дің қызметкерлері үшін негізгі ережелер

  • Бағдарламаның мүддесімен есептеу.
  • Бағдарламаға қатысып отырған адаммен санасу.
  • Аудитория мүддесін қорғау. Осы жағдайлардың барлығында 90%-ын жариялылық сақталуы міндетті.

Би-би-си-дің хабарлар-ды устау бөлімі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2 саладан тұрады: бірі тәулік бойы шетелдік радиоларды тыңдап, оның маңыздыларын үнтаспаға жазып алады да, келесі топка береді. Екінші топ іріктеп, аударып, материалдарды редакциялап, күн сайын немесе апта сайынғы бюллетеньге пайдаланады. Бюллетеньдер: "Шығыс Еуропа", "Таяу Шығыс" және "Африка" сияқты бөлімдерден тұрады. Бұл ақпараттарды тек Би-Би-Си ғана емес, түрлі үкіметтік мекемелер де пайдаланады. Сондай-ақ бұл материалдарды Парламенттің қос палатасының кітапханасы да алады.

Би-би-си-дін хабарлары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Хабарда стереотип, штамп, клише кездеспейді. Репортер еш уақытта жауыр болған тақырыпқа бармайды. Ақпараттары бейтараптық бағыт ұстанады. Материалға талап қатан қойылады. Мейлі ол пікірталас бағдарлама болсын немесе саяси репортаж болсын, бір оқиға туралы әңгіме болса да бір ғана талап қойылады. Барлық ақпарат, фактінің жан-жақты аспектілері есепке алынады, оқиғаның тұтас картинасы берілуі керек. Кез келген материал редакциялаудан өтеді. Сөздер ауыспалы мағынада қолданылмайды. Репортердің жеке көзқарасына үзілді-кесілді рұқсат етілмейді. Корреспонденттің міндеті оқиға туралы әңгімелесу, оның қатысушыларын сөйлету. Репортер ақпаратты хабарлап қана кояды, тыңдаушы өзі пікір қорытады.

Би-би-си-дің халық-аралық қызметінің бағдарламалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Олар таза ақпараттық жаңалықтар ретінде 6 бағдарлама бойынша беріледі. Тәуліктік көлемі 3 сағат 10 минут, халықаралық жаңалықтар 2 сағат, ішкі хабар 30 минут, газеттерге шолу 20 минут, қаржылық жаңалықтар 20 минут болады. Халықаралық тақырыпқа арналған ақпараттық-саяси бағдарлама тәулігіне 7 сағат уақыт алады.

Би-би-си-дің халықаралық оқу орталығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ұлыбритания және Шығыс Еуропа елдерінің журналистері үшін оқу бағдарламасын ұсынатын оқу орталығы. Бутан қосымша БАҚ-ты қаржыландыру және басшылық мәселесінде де кеңесшілік қызмет аткарады [3].

Бритш Бродкастинг Корпорейшн–Би-Би-Си (British Broadcasting Corporacion - BBC)Британ радиохабар тарату корпорациясы. 1922 жылы негізі қаланған.

Ұлыбритания аумағында радиохабар таратуға монополиялық құқығы бар. Теледидар саласында жеке компаниялармен бақталас. Штаб-пәтері Лондонда орналасқан. Би-Би-Си құрылымында 5 радиобағдарлама бар. Би- Би-Си-дің дүниежүзілік қызметі 1932 жылы құрылған. Әлемге 32 тілде хабарлар таратады. Апталық хабар тарату көлемі 840 сағат. Дүниежүзілік қызмет бағдарламасының 120 миллионнан астам тыңдаушылары бар.

Broadcasting House, WIA 1AA; Tel: (171) 580-4468; Fax: (171) 637-1630.Теледидары- мемлекеттік корпорация. Хабарларын 2 арна арқылы таратады. Би-Би-Си 1964 жылы қоғамдық теледидардың екінші арнасын ашты. Би-Би-Си - 1405 жол жиілікте қабылдаса, Би-Би- Си-2 хабарды 625 жол жоғары жиілікте жүзеге асыруға тиіс болды. Оның үстіне осы екі арна Ұлыбританияда түрлі түсті хабарды бірінші рет көрсеткен.[4]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
  2. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
  3. Қазақ Телевизиясы. Энциклопедия. Алматы: "ҚазАқпарат" 2009, 1-т: 640 бет, ISBN №978-601-03-0070-5
  4. "Қазақ телевизиясы", Энциклопедия, "ҚазАқпарат" Алматы, 2009 1-т, ISBN 978-601-03-0070-5

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: BBC