Эми Уайнхаус
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін инфобокс енгізу қажет. |
Эми Джейд Уайнхаус (ағылш. Amy Jade Winehouse; 14 қыркүйек 1983 ж. , Саутгейт, Лондон — 23 шілде 2011, Камден, Лондон) — ағылшындық әнші және өлендердің авторы. Өзінің конральды ән айтуымен танымал. Осыған қоса ол 2000 жылдардағы сынға ұшыраған танымал британдық әншңлердің бірі.
Екі мәрте Ivor Novello премиясының жүлдегрі. Оның алғашқы 2003 жылы шыққан Frank альбомы Mercury Prize жүлдесін иеленген. 2007 жылы 14 ақпанда әнші Brit Award жүлдесін «Үздік британдық әнші» («Best British Female Artist») ретінде алды.
Екінші «Back to Black» альбомы оған 6 жүлдделер алды. Оның 5-і «Грэмми» номинациясын алып («Record of the Year» қоса алғанда), әнші Гинестің рекордтар кітабына 5 «Грэмми» жүлдесін алғаны үшін енді. 2011 жылдың тамызында «Back to Black» альбомы Ұлыбританиядағы ХХІ ғасырдағы үздік альбом ретінде танылды.
Уайнхаус британдық және соул-музыкаға үлкен үлестер қосты. Оның есте сақтарлық киім киісі көптеген сәнгерлерге арқау болды. Мысалы: Карл Лагерфельд.
Уайнхаус ішімдік пен нашақорлыққа тәуелді болды. Соның нәтижесінде ол көптеген уақыт бойы сот істерінде және көпшілк арасында талқылауды болды. Уайнхаус 2001 жылдың 23-ші шілдесінде өзінің Камдендегі үйінде 27 жасында ішімдіктен уланып, дүние салды.
Отбасы және жеке өмірі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Эми Уайнхаус еврей отбасысында дүниеге келді.
Ол ағылшындық әнші Дион Бромфилдге кіндік ана. Оның жақын құрбылары Реми Николь, Келли Осборн, Адель және Кэти Мелуа (Уайнхаус соңғысымен BRIT School-да оқыды) атты әншілер болатын.
2011 жылдың 31-інші шілдесінде әнші Эми өлерінің алдында 2009 жылы танысқан 10 жасар Данники Августинді асырап алмақшы болғаны мәлңм болды.
Митч Уайнхаус — әншінің әкесі. Ол «Amy, My Daughter» атты естеліктер жазған. Одан жиналған қаржының барлығы Уайнхаус атындағы фондқа жіберіледі. Ол фонда балалар мен жасөспірімдерге өмірлік қиындықтар туғанда көмектеседі. Әкесі Митч оқырмандарға оның жас кезі,карьереасының өсуі және оның өмірдегі қиындықтары мен ішімдікке тәуелділігі жайлы айтқан[1].