Ғаламшар
Ғаламшар немесе Планета (көне лат. planeta, грек. aster planetеs — кезбе жұлдыздар) — өз орбитасы бойынша Күнді не басқа жұлдызды айнала қозғалатын, гравитациялық өріс жасауға өз салмағы жеткілікті, соның нәтижесінде шар тәріздес орбитаға ие аспан денесі.[1]
Ғаламшар — өздігінен жарық шығармайтын, жұлдызды айнала қозғалатын, орталық жарық көзімен салыстырғандағы массасы шағын аспан денесі. Күн жүйесінде 9 үлкен планета, 43 планета серіктері, бірнеше ондаған мың кіші планеталар (астероидтар) белгілі. Үлкен планеталардың пішіні сфера тәрізді, соған жақынырақ болады. Күн жүйесіндегі Планеталар Күн жарығын шағылдырғандықтан көрінеді. Кейбір жақын жұлдыздың айналасындағы Планета осы жүйенің масса центрінің түзу сызықты қозғалыс траектория маңайында тербелуін бақылау арқылы анықталады. Қазіргі космогон. теория бойынша планеталық жүйелер Галактикада кеңінен тараған құбылыс болып табылады.
2006 жылы тамызында Прага қаласында 75 елден жиналған 2,5 мыңдай астроном Халықаралық астрономиялық одақ маслихатында ресми түрде ғаламшар мәртебесін алу үшін аспан денесіне қажетті көрсеткіштерді бекітті.
1930 жылы ашылған және содан бері Күн жүйесіндегі 9-шы ғаламшар саналып келген Плутон мәртебесінен айырылды. Жаңа жіктелім бойынша Плутон енді шағын ғаламшарлар немесе планетоидтар санатына жатады.[2]
Енді аспанда 8 ғаламшар ғана қалды. Олар:
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том
- ↑ Amburn, Brad Behind the Pluto Mission: An Interview with Project Leader Alan Stern. Space.com (28 ақпан 2006). Тексерілді, 23 тамыз 2008.
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |