Діңгек

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Діңгек - жертөле, жеркепе сияқты қыстық баспаналардың төбесі берік болу үшін үй ішінің ортасынан жұмыр ағаштан жерге қазып орнатқан бағана, яғни тіреу.


Кейбір ғимараттар құрлысының бұрыш-қырлары діңгектермен, үш ширектік діңгекшелермен үйлестіріледі. Олардың сырт пішіні жұмыр, алты, сегіз қырлы немесе қатпарлы болады. Мұндай құрылыс ісіндегі әдіс-тәсілдердің бір үлгісі Әзірет Сұлтан ғимаратының сыртқы да ішкі де бұрыштарында жиі кездеседі. Айша бибі кесенесінің қасбеттеріндегі қуыстарының жақтаулары жұмыр декоративтік діңгектермен безендірілген.

Бұрынғы кезеңде діңгек атауы кейде ғұрыптық шаралар атқарылатын орынның атауы ретінде де айтылған сияқты. Мысалы, Лenci өзенінің алқабында байырғы заманның тастан қаланған ғұрыптық ғимарат діңгек деп аталған.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2