Баск тілі
Баск тілі | |
Өз атауы: |
Euskara |
---|---|
Елдер: | |
Аймақтар: | |
Сөйлеушілер саны: |
1 млн адам |
Классификация | |
Санаты: |
Еуразия тілдері |
Жазуы: | |
Тіл коды | |
МЕСТ 7.75–97: |
бак 085 |
ISO 639-1: |
eu |
ISO 639-2: |
baq жəне eus |
ISO 639-3: |
eus |
Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика |
Баск тілі (баск. Euskara) — Баск елінде қоныстанатын баскілердің тілі. Бұл елге Испанияның солтүстік облыстары, Францияның оңтүстік аймақтары жатады. Баск тілінің басқа Еуропа тілдерінен басты айырмашылығы — ол Үнді-Еуропа тілдеріне де, басқа белгілі тіл шоғырына да жатпайды. Баск тілі оқшауланған тілдер қатарына жатады. Тілдің генетикалық қатынастары орнатылмаған. Бірақ, ғалымдар әдетте оны палеоиспан тілдері деп аталатын топқа, кең мағынасында айтқанда — Жерорта теңізі тілдерінің жіктелмеген тобына жатқызады.
Тілді қолданушылардың жалпы саны шамамен 800 000 адам, басым бөлігі (700 000) Баск елінде тұрады. Аздаған қолданушылары сондай-ақ Еуропаның басқа аймақтарында, Америкада және Аустралияда мекендейді.
Баск тілі бір-бірінен айырмашылығы өте көп диалекттерден тұрады. Біраңғай әдеби баск тілін 1960 жж. Кольдо Мичелена деген лингвист шығарды. Байырғы Баск тілін жаңғыртумен Мичелена, А. Товар және Л. Траск айналысты[1][2].
Сыртқы туыстық қатынасы туралы гипотеза
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Күнікешеге дейін ежелгі Рим империясы қаласындағы қазба жұмыстарында б.з.д III ғасырдағы баск тіліндегі ежелгі жазбалар табылды деп есептеліп келді. Бұл жазба шартты түрде Ирунья-Велея деп аталатын (елді мекеннің қазіргі атауы бойынша). Кейін 17 сарапшыдан тұратын комиссия бұл жазбалардың қолдан жасалған, жалған екенін анықтады. [3].
Баск тіліндегі ең алғашқы кітап — "Linguae Vasconum Primitiae" өлеңдер жинағы, 1545.
Баск тілі ешқандай белгілі тіл шоғырымен байланыспаған. Оның аквитан тілімен байланысы бар деген болжам бар. Басқа гипотеза бойынша баск тілінің қытай-кавказ макро тіл шоғырымен ежелгі туыстық қатынасы бар.
Баск тілінің ибер тілімен туыстығы туралы Баск-ибер гипотезасы Испанияда әлі күнге дейін кең таралған.
Әлемде таралуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қолданушылар саны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазіргі таңда Баск тілінде 700 000 адам сөйлейді. Олардың басым көпшілігі Испанияның солтүстік бөлігі мен Францияның оңтүстік-батысында өмір сүреді. Баск елінен тыс жерлерде бұл тілді қолданушылар саны туралы деректер жоқ. Алайда Еуропаның өзге аймақтары мен Америкада шамамен 90 000 адам баск тілінде сөйлейді немесе жоқ дегенде баскша түсінеді. Нәтижесінде барлық баск тілінде сөйлейтін адамдар саны 800 000 адамды құрайды.
Баск тілінде сөйлеушілердің барлығы дерлік өз тілінен басқа тұрып жатқан елдерінің ресми тілінде сөйлейді.
Алфавит
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Баск тілінің алфавиті 22 әріптен тұрады. Олар: а, b, d, e, f, g, h, i, j, k, l, m, n, ñ, o, p, r, s, t, u, x, z. Тілде стандартты дыбыстау жоқ, бірақ диалекттер арасындағы айырмашылық өзара түсіністікке кедергі боларлықтай көп емес.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Trask, R. L. (2008), Wheeler, Max W., ed., Etymological Dictionary of Basque, Falmer, UK: University of Sussex, http://web.archive.org/web/20110607202936/http://www.sussex.ac.uk/linguistics/documents/lxwp23-08_edb.pdf
- ↑ Trask, R. L. (1996), History of Basque, New York/London: Routledge, ISBN 0-415-13116-2
- ↑ Acta de la reunión de la comisión científico-asesora de Iruña/Veleia [1] Мұрағатталған 6 қазанның 2011 жылы.
Әдебиет
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Шишмарёв В. Ф. Очерки по истории языков Испании. — М.; Л.: Изд-во АН СССР, 1941. — 340 с.
- Bengtson J.D. Notes on Basque Comparative Phonology. Mother Tongue 8: 21-39. 2003.
- Bengtson J.D. Some features of Dene-Caucasian phonology (with special reference to Basque). Cahiers de l’Institut de Linguistique de Louvain 30.4: 33-54. 2004.