Ахейліктер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Ахейліктер тарихы біздің заманымыздан бұрын 1900 жылдан басталатын ежелгі грек тайпасы. Ахейліктер Фессалияның солтүстік-батысын, Пелопоннестің таулық жағалауын мекендеген. Ахейліктер иоництер құрған 12 қаланың одағына кірген. Геликондағы Посейдон храмы негізгі орталығы болған. Гректердің құрлықтағы жерін жаулап алуға қатысқан. Біздің заманымыздан бұрын 419 жылы спартандықтарды жеңді. Гомер поэмаларында бүкіл гректерді Ахейліктер деп атаған.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том