[go: up one dir, main page]

Қазақстан Парламентінің Сенаты

Қазақстан Парламентінің СенатыРеспубликаның заң шығару органының жоғарғы палатасы.

Қазақстан Парламентінің Сенаты
VIII-шақырылым
Қазақстан Парламентінің Сенаты
Қазақстан елтаңбасы
Мемлекет

 Қазақстан

Түрі
Түрі

Парламенттің жоғарғы палатасы

Сайлану мерзімі

6 жыл

Басшылығы
Төрағасы

Мәулен Әшімбаев
4 мамыр 2020 жылдан бері

Төраға орынбасары

Жақып Асанов
26 қаңтар 2023 жылдан бері

Төраға орынбасары

Ольга Перепечина
27 қаңтар 2022 жылдан бері

Құрылымы

Фракциялары

     Партиясыз: 40 депутат     Номинацияланған: 10 депутат

Сайлауы
Дауыс беру жүйесі

40 депутатты мәслихаттар жанама сайлайды, 10 депутатты Президент тағайындайды

Соңғы сайлауы

14 қаңтар 2023

Жиналыс залы

Штаб-пәтері

Астана, Қазақстан

Тарихы
Құрылуы

1995 жыл

Ізашары

Бірпалаталы Қазақстан Жоғарғы Кеңесі

50 депутаттан тұратын Сенаттағы 40 депутатты жергілікті мәслихаттар жанама сайлайды және қалған 10 депутатты Президент тағайындайды. Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi — 6 жыл. Сенаттың спикері оның Төрағасы деп аталады, бұл лауазымның қазіргі иесі — Мәулен Әшімбаев.

Сайлау жүйесі

өңдеу

Қазақстан Сенаты 50 мүшесінің 40 депутатын 17 облыс пен үш республикалық маңызы бар қаланың мәслихаттары алты жылға жанама түрде сайлайды. Олар бірден сайланбайды: үш жыл сайын әр облыс пен қаладан бір-бірден жиырмасы сайланады.[1] Қалған 10 депутатты президент тағайындайды, олардың жартысын Қазақстан халқы ассамблеясы ұсынады.[2]

Тарихы

өңдеу

Бірінші шақырылым (1996–1999)

өңдеу

Бірінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің өкілеттігі 1996 жылғы 30 қаңтарда бірінші сессияның ашылуымен басталып, екінші шақырылған Парламенттің бірінші сессиясының жұмысы басталған күні 1999 жылғы 30 қарашада аяқталды.

1995 жылғы желтоқсанда болған сайлауда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 40 депутаты Қазақстанның 19 облысынан және астанасынан 2 адамнан сайланды. Сенаттың жеті депутатын Президент тағайындады.

1995 жылы 2 жылға сайланған Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты, 1997 жылғы 8 қазанда Сенат депутаттарын 4 жылға сайлау болып өтті. Облыстардың оңтайландырылуы нәтижесінде республиканың 14 облысы мен Алматы қаласы бойынша сайлау тағайындалды.

1997 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына 15 депутат сайланды.

Ақмола қаласының Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялануына байланысты 1998 жылғы 11 ақпанда Ақмола қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауы болып өтті.

Екінші шақырылым (1999–2004)

өңдеу

Екінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің өкілеттігі оның 1999 жылғы 1 желтоқсанда бірінші сессиясының ашылуымен басталып, үшінші шақырылған Парламенттің бірінші сессиясының жұмысы басталған күні 2004 жылғы 2 қарашада аяқталды.

1995 жылы 4 жылға сайланған Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты 1999 жылғы 17 қыркүйекте Сенат депутаттарын 6 жылға сайлау болып өтті.

1997 жылы сайланған Сенат депутаттарының өкілеттіктері конституциялық нормаларға сәйкес екінші сайланымда 2002 жылғы желтоқсанға дейін жалғасты.

Үшінші шақырылым (2004–2007)

өңдеу

Үшінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің өкілеттіктері 2004 жылғы 3 қарашада оның бірінші сессиясы ашылуымен басталып, төртінші шақырылған Парламенттің бірінші сессиясының жұмысы басталған күні 2007 жылғы 1 қыркүйекте аяқталды.

2005 жылғы желтоқсанда 1999 жылғы 17 қыркүйекте сайланған Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты 2005 жылғы 19 тамызда Сенат депутаттарын сайлау болып өтті.

2002 жылы сайланған Сенат депутаттарының өкілеттіктері конституциялық нормаларға сәйкес үшінші сайланымда жалғасты.

Төртінші шақырылым (2007–2012)

өңдеу

Төртінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің өкілеттігі 2007 жылғы 2 қыркүйекте оның бірінші сессиясы ашылуымен басталып, бесінші шақырылған Парламенттің бірінші сессиясының жұмысы басталған күні 2012 жылғы 19 қаңтарда аяқталды.

2007 жылғы мамырда Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген өзгерістерге сәйкес 2007 жылғы 29 тамызда ел Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының тағы 8 депутаты тағайындалды.

2002 жылы сайланған Сенат депутаттарының өкілеттіктері төртінші сайланымда 2008 жылғы желтоқсанға дейін жалғасты.

2005 жылы сайланған және тағайындалған Сенат депутаттарының өкілеттіктері 2011 жылғы қыркүйекке дейін жалғасты.

2011 жылғы 19 тамызда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайланатын жартысы бойынша кезекті сайлау өтті.

2011 жылғы 23 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 7 депутаты тағайындалды, олардың өкілеттігі 2017 жылы аяқталады.

Бесінші шақырылым (2012–2016)

өңдеу

Бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің өкілеттігі 2012 жылғы 20 қаңтарда оның бірінші сессиясы ашылуымен басталып, алтыншы шақырылған Парламенттің бірінші сессиясының жұмысы басталуымен аяқталды.

Қазақстан Республикасы Парламентінің бесінші сайланымында 2008 жылы және 2011 жылы сайланған, 2007 жылы және 2011 жылы тағайындалған Сенат депутаттарының өкілеттігі, конституциялық нормаларға сәйкес, жалғаса береді.

2013 жылғы 26 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2007 жылғы тамызда тағайындалған Сенат депутатының өкілеттігі аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 8 депутаты тағайындалды.

2014 жылғы 1 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Сенат депутаттарының сайлауы өтті.

2014 жылы сайланған депутаттарын тіркеуге байланысты 2008 жылы сайланған депутаттардың өкілеттігі тоқтатылды.

Алтыншы шақырылым (2016–2021)

өңдеу

Алтыншы шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің өкілеттігі 2016 жылғы 25 наурызда оның бірінші сессиясы ашылуымен басталып, жетінші шақырылған Парламенттің бірінші сессиясының жұмысы басталуымен аяқталды.

Қазақстан Республикасы Парламентінің бесінші сайланымында 2011, 2014 жылдары сайланған, 2011, 2013 жылдары тағайындалған Сенат депутаттарының өкілеттігі, конституциялық нормаларға сәйкес, жалғаса береді.

2017 жылғы 28 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Сенат депутаттарының сайлауы өтті.

2017 жылы сайланған депутаттарын тіркеуге байланысты 2011 жылы сайланған депутаттардың өкілеттігі 30 маусымда тоқтатылды.

2018 жылғы қазанда Шымкент қаласынан, республикалық маңызы бар қала ретінде, екі Сенат депутатының сайлауы өтті.

2020 жылғы 12 тамызда Сенат депутаттарының сайлауы өтті.

2020 жылғы сайланған депутаттарын тіркеуге байланысты 2014 жылғы сайланған Сенат депутаттарының өкілеттігі 28 тамызда тоқтатылды.

Жетінші шақырылым (2021–2023)

өңдеу

Жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің өкілеттігі 2021 жылғы 15 қаңтарда оның бірінші сессиясы ашылуымен басталып, сегізінші шақырылған Парламенттің бірінші сессиясының жұмысы басталғанға дейін жалғасады.

Қазақстан Республикасы Парламентінің алтыншы шақырылымдағы 2017 және 2020 жылдары сайланған, 2017 және 2019 жылдары тағайындалған Сенат депутаттарының өкілеттігі, конституциялық нормаларға сәйкес жалғаса береді.

Республикада үш жаңа облыстың құрылуына байланысты осы облыстардан Сенат депутаттарының сайлауы белгіленді. 2022 жылғы 24 тамызда жаңа алты Сенат депутатының сайлауы өтті.

Сегізінші шақырылым (2023–)

өңдеу

Жетінші шақырылым ерте таратылып, 2023 жылы жаңа парламент сайлауы жарияланды. Сегізінші сайланым Сенаты өз қызметін 2023 жылдың 29 наурызында бастады.[3]

Басшылығы

өңдеу

Төраға

өңдеу

Сенат төрағасы — Сенаттың спикері, депутаттар арасында жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Сенат кандидатурасын Президент ұсынады.

Төраға орынбасары

өңдеу

Сенат төрағасының екі орынбасары бар, олар Сенат жасаған бұйрықтардың орындалуын қадағалайды. Төраға орынбасарларын Сенат депутаттары сайлайды, кандидатурасын Төрағаның өзі ұсынады.

Комитеттер

өңдеу
  1. Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті
  2. Қаржы және бюджет комитеті
  3. Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті
  4. Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті
  5. Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті
  6. Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті[4]

Талдау мектебі

өңдеу

2022 жылдан бастап Сенат жанында Талдау мектебі жұмыс атқарады.

Дереккөздер

өңдеу
  1. Хассенханова, Ғалия Kazakh Central Election Commission Approves Calendar Plan for Senate Election in January  (ағыл.). The Astana Times (28 November 2022). Тексерілді, 26 қараша 2023.
  2. Сатыбалдина, Әсел What You Need to Know About Senate Election in Kazakhstan This Week  (ағыл.). The Astana Times (12 January 2023). Тексерілді, 26 қараша 2023.
  3. Сенат тарихы - Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты. Қазақстан Сенатының ресми сайты. Тексерілді, 26 шілде 2023.
  4. https://senate.parlam.kz/kk-KZ/committees